"Табиғат және біз" атты экологиялық акция.

"Табиғат және біз" атты экологиялық акция.
жеке
блог

    

Шығыс Қазақстан облысы Үржар  ауданы Алакөл  көлінде  Шығыс Қазақстан  облыстық  әкімдігінің , Үржар ауданы әкімдігінің  қолдауымен  және ШҚО “Жастар орталығы”  КММ мен ШҚО “ Жасыл ел”  жастар еңбек  жасақтары штабымен бірлесе  2-4 шілде  аралығында “Табиғат және біз” атты  экологиялық  акция  өтті.  Іс- шараның басты мақсаты : жастар бойына қоршаған ортаға,  табиғатқа  және де  қоғамға деген  экологиялық  мәдениеттерін қалыптастыру.  Көл бойындағы  туризм  саласына аса көңіл бөлу.  Отбасылық жағалау  маңындағы  демалыс үшін  қолайлы жағдайлар қарастырылған.  Курорттық  аумақта коммуналдық  мекеме  тарапынан жыл сайын  тазарту жұмыстары  жүргізілуде. Алайда демалыс  орнындағы  күл-қоқыс , тұрмыстық  қалдықтар  әліде азаяр емес. Осындай экологиялық  шаралар  қоғам назарын  қоршаған ортаны  сақтау мәселелеріне  назар аударуға  және бірлесе шешуге өз үлесін қосады. Еліміздің экологиялық проблемасына  бірге  ат салысайық.  Біздің байлайығымыз , бұл біздің – табиғатымыз!!!

                                                                                                          Досмухамбетова Еркежан

                                                                                        Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы.