ТАБИҒАТ АЯСЫ...
блог
Табиғат аясы.
Кейде, әркімде де қаланың үнемі үздіксіз қозғалысынан, үзіліссіз аққан көлік даусы, адамдардың қозғалысы, көшенің ығырынан, шаңынан, өзіңді таусылып, бітпес ақпарат пен үнемі шулы дыбыстар адамды қатты ымырсытып, бір сөзбен айтқанда шаршатып жібереді. Көше ортасында тұрып, Тоқта!!! деп айқайлағың келетін кездер де болады. Басында бұл ырғақты, үздіксіз қозғалыс ұнайды, бірақ уақыт өте келе шаршайсың. Өзіңе: тоқта деп жар саласын! Терезені, есікті жауып өзіңмен өзің жеке қалғың келетін сәттер де кездеседі. Сөйтіп, бір сәтке шулы қаланы өшіріп, өзіңмен жеке дара қаласың. Бұл қалыпты жағдай, өзіңмен жеке қалғанда, біз тек өзіміздің өміріміз жайлы ғана емес, толық түрде айналамызда не болып жатқанын, өзіңе баға беруің жайлы көптеп ойланғаның дұрыс. Көп адамдар жалғыз қалудан қорқады, ол өзіңді өзің бағалаудан құр қалу деген сөз. Ауасы таза, тыныштық сақталған, құстар ән салған бақта отырып, өзіңмен және табиғат аясында болу бір ғанибет. Ол біріншіден денсаулығыңа пайдалы болса, екіншіден рухани әсер аласың. Табиғатпен сырласу ол өзіңмен сырласу, табиғатқа табыну ол өзіңе табыну деп біраз уақыт өзіңді, ауасы таза, табиғат аясында отырып, өзіңе-өзің баға беріп, дұрыс, бұрыс жақтарын ой жүгіртіп, салмақ түсіре толғанғаның жөн...
жинағымнан үзінді...