Аппақ үміт қайда кеше мен сенген,
Өлеңдерім өкінішке өртенген.
Гүл-жанымды жаншытпай еш пендеге,
Қорған болар деуші ем мен...
Күнге кінə, артайын ба Айға мін,
Орындала бермейді ғой ойдағың.
Бақыт іздеп бағытыңнан жаңылсаң,-
Қой,жаным!..
Аласармай
биік жүрші, еңселім,
Көңіл,сірə, баса алар ма кемсеңің?!
Көз жасымнан көл тұндырып мөп-мөлдір,
Бақытыңды тілеп жүрем мен сенің...
Әлия Іңкәрбек