Мәңгілік сапарға жортамын,
Жерде де,көкте де Шолпаным,
Мен сені іздеуден, қорықпайм,
Жоғалтып алудан қорқамын.
*
Басылмай кеудемде аптығым,
Шарам не шайқалса шаттығым,
Сағынсам,
Бейненді саламын өлеңге,
Содан соң тербейді тәтті мұң.
*
Жас келіп жанарға іркілген,
Нәр алам,жымисан күлкіңнен.
Қар жауса қатулы қабағың,
Өр кеудем,дауылдай сілкінген.
*
Құйындай жатса да,жаңшылып,
Жанымды тербейді таң шығып.
Биікке,жетелер толассыз,
Үзілмес тамшыдай тамшы үміт.
*
Мәңгілік сапарға жортамын,
Жерде де,көкте де Шолпаным.
Мен сені іздеуден жалықпайм,
Жоғалтып алудан қорқамын.
Досжан Нұрболат!