Т-ға

Т-ға
жеке
блог

Мәңгілік сапарға жортамын,

Жерде  де,көкте де Шолпаным,

Мен сені іздеуден, қорықпайм,

Жоғалтып алудан қорқамын.

*

Басылмай кеудемде аптығым,

Шарам не шайқалса шаттығым,

Сағынсам,

Бейненді саламын өлеңге,

Содан соң тербейді тәтті мұң.

*

Жас келіп жанарға іркілген,

Нәр алам,жымисан күлкіңнен.

Қар жауса қатулы қабағың,

Өр кеудем,дауылдай  сілкінген.

*

Құйындай  жатса да,жаңшылып,

Жанымды тербейді таң шығып.

Биікке,жетелер толассыз,

Үзілмес тамшыдай тамшы үміт.

*

Мәңгілік сапарға жортамын,

Жерде де,көкте де Шолпаным.

Мен сені  іздеуден жалықпайм,
Жоғалтып алудан қорқамын.

Досжан Нұрболат!