Т. Әбдік, «Оң қол» шығармасынан түйгенім немесе қысқа әңгімелер топтамасынан
блог
Шығармада тұлғаның екіге жарылуы, жалғыздық, махаббат тақырыптары қамтылған. Жан ауруына шалдыққан адамдардың аяушылыққа, махаббатқа бөленбей жатқандығы айтылады. 17жасар Алма есімді қыз тұлға бірлігінің диссоциативті бұзылуы ауруына шалдыққан. Дәрігер жігіт емдеп жүріп, қалай ғашық болғанын да байқамай қалады. Әңгімеде анасының қызын уайымдағаны, ғашықтың келер апатты сезгендей жасаған қамы суреттеледі. Оқиға ауруханада, аулада, кинотеатрда өрбиді.
Жан ауруына шалдыққан адамдарды тек жақсы көру арқылы емдеуге болатын сияқты. Аяушылықтан гөрі махаббат көбірек болса, кез келген қиындықты жеңуге болады, қаншалықты шаршағанды сезбеуге де болады. Ізгі сезімдер кішкене ғана, мардымсыз қуаныштар сыйлап бастауының арқасында әлемді тек алға сүйрейтіндей.