Сізге не қызықты?

Сізге не қызықты?
жеке
блог

     Тағы бір күнді артқа тастадық, бір күндік жарықтың рахатын сезініп. Шырғалаңға толы сол күндер қалай өтіп жатыр? Осы сұрақпен соңғы кездері көп ойланатын болыппын. Терезеден түскен күн сәулесінен оянып, ақ таңды көргеніңе шүкір айтасың. Жылы көрпенің астынан шыққың келмей, біраз дөңбекшіп жатып, сол күннің тірлігіне шолу жасап шығасың. Үкіметтің жұмысы оңай ма, кешікпеуді ойлап, жөніңмен кете бересің. Жұмыс таңғы 8.30-дан кешкі минимум 20.30. Бұдан кейін ештеңеге зауқың жоқ, тек ұйқы керегі. Бұдан басқа қызық жоқ. Ауыл.Тым-тырыс.

Бірақ, мен үшін қызықтың "көкесі" мында, көсегең көгергір ИНТЕРНЕТ. Сен болмасаң, қайтер ем...

Ия, мен үшін виртуалды әлем қызықты. 

- қаптаған қағаздан қаптаған сайттар қызықты. 

- у-шу адамдардың әңгімесінен белгілі тұлғалардың сұхбаттары қызықты. 

- пышы-пышы елдің өсегінен - әдемі посттар қызықты. 

-жан-жағымдағы адамдардан виртуалды достармен сөйлескен қызықты. 

- Кітаптан қарағанда сайттар қызықты. 

- Фильм қарағаннан интернетте әр нәрсені ақтарған қызықты.

- Бір жерге қыдырып барғаннан интернетте отырған қызықты. 

Масқара, осы қызықпен өмір жалғаса береді ма, қашан маған басқа заттар қызық болады...жалығып жүрмін...

Сіздерге не қызықты? Күнделікті бір тірлік па, немен айналысамыз өзі?)