Сізге қай мезгіл ұнайды?

Көктем Қыс Жаз Күз.Баршаңызға белгілі жыл мезгілдері.Біреулер күзді ұнатса,біреулер жазды ұнатады.

Әркімде әр-түрлі.Ал маған алтын жапырақ жерді басқан,алтын қамба асқа толған күз мезгілі ұнайды.

Аспанды ала бұлт қаптап жаздың ашық жасыл  кілемін,күздің алтын кілемі басты.Құстар жылы жаққа ұшып барады.

Қолдарына гүл ұстап мектепке кетіп бара жатқан оқушылардың қуанышы қойнына сыйар емес.

Бір сөзбен айтқанда күз мезгілі керемет!!!

Мен өзім күз айында туылдым.Достарымның көбісі осы мезгілде дүниеге келген.Біз үшін аса қуанышты күздің міне ортасына келіп жеттік.

Күз мезгіліне арнап өлең шумақтарын шығардым,бағасын бере жатарсыздар

                Сап-сары айнала

                Алтыннан құйғандай

                Сапарға асығып жиналды құс біткен

                Жапырағы ұшып 

                Суыға түсіп

                Біз күткен Алтын күз

                Келеді Асығып 

Ал сізге қай жыл мезгілі ұнайды?????



Бөлісу: