Сіздің өмір сүру қалпыңызды кім ойлап тапты?

Блогшы және саяхатшы Дэвид Кейн өзінде қаншалықты ақша көбейген сайын, соншалықты керек емес заттарды сатып алатындығын, яғни  артық көңіл көтеру қазіргі экономикалық жүйенің маңызды бір базисі екендігін түсінді.

Инженер Дэвид Кейн жоғарғы төлемді жұмысқа тұрмас бұрын, саяхаттауға кетеді. Саяхаттан оралған соң, сегіз сағаттық жұмысқа тұрады. Ол өз өмірінде бірнеше өзгерістер болғандығын, соның ішінде, оқуға, серуендеуге, медитацияға деген бос уақыты азайып, күнделікті болмашы шығындар едәуір көбейгендігін байқайды. Дэвид Кейн өзіне аз уақытқа ғана қызықтыратын, сонымен қатар өзіне еш керегі жоқ көптеген заттар сатып ала бастайды. Біз неліктен қалтамыз көтергені үшін ғана көптеген керек емес заттарды сатып аламыз деген сұрақ туады.

Блогшы өмірінде жұмыс сағатының санынан бастап сауда уйлеріндегі маркетинг қулықтарына дейін "адамның аз үлгеріп, көп жұмсауына"  негізделгендігін байқайды. Ата-ана ойыншықты сатып алу туралы шешімін кішкентай бала жылаған кезде тез қабылдайды. Ойыншықтардың 20-40 %-ы осындай жағдайда сатылады. Сол жағдайды пайдаланған ойыншық шығарушылар ойыншық қаптамасын ата-анаға емес, балаларға арнап, бала қызығатындай өндіре бастады. Бұл біздің іс-әрекетімізге әсер ететін бір ғана мысал.

Өндірушілерге сегіз сағаттық жұмыс күні аса қажет. Ол бастапқыда индустрияландыру дәуірінде жұмысшалармен 14 немесе 16 сағаттық жұмыс күнін шектеу үшін қабылданған болатын. Негізінде кеңсе жұмысшысы үш сағатқа сыятын жұмысты сегіз сағат орындайды. Танымал Паркинсон заңы бойынша бізге жұмысқа қаншалықты уақыт берілсе, оны соншалықты пайдаланамыз. Жұмысты орындау үшін көп уақыт берілсе, сәйкесінше жай орындаймыз. Басқаша айтқанда,  жұмыс өзіне жұмсалған уақытты толтырады.

Жұмыс адамды күшсіз қалдырады, сондықтан адам өзінің жұмыстан кейінгі уақытын секундтық еркелігін қанағаттандыру үшін бекерге ақша құртып, сатып алуға жұмсайды. Біздің демалатын уақытымыз қатаң шектеулі. Ол демалыс күндер және жұмыстан кейінгі бірнеші сағат. Осы бірнеші сағатта біз істей алатын және істегіміз келетіні – теледидар қарау (және онда көрсетіліп жатырған жарнама) немесе дәмханаға, шоппингке  ақша құрту. Корпорация бұл уақытты барынша тиімді пайдалануға тырысады.

Жоғарыда айтылған жүйеге бағынбай, уақытымызды тиімді пайдалануға, соның ішінде жұмыс уақытында да азғантай болсын бос уақытыңыз болса, өзіңіздің пайдаңызға қолдануға шақырамын. Жұмыстан, оқудан қаншалықты шаршап шықсақ та, сол кездегі еркелігімізді басып, аса қажеті жоқ заттарды сатып алмауға тырысайық.



Бөлісу: