Сіздің қалаңыз өмір сүруге қолайлы ма?

Сіздің қалаңыз өмір сүруге қолайлы ма?
жеке
блог

Қазақстанда мұнайлы қала атанып, елімізде экономикалық маңызы жоғары қалалардың бірі Атырау қаласы тұрғындар үшін қаншалықты ыңғайлы? Оны сіздерге суреттер көрсетіп берсін.

Ашық дереккөздерден алынды

Қалада орналасқан мына ойын-сауық орталығының алды жаяу жүргіншіге де, көлік жүргізушісіне де қолайсыз. Себебі, жаяу жүргіншілердің не белгісі, не тротуары жоқ. Көлік кіретін мен шығатын жағын нақтыламағасын шағын кептелістер жиі болып тұрады.

Ашық дереккөздерден алынды

Ашық дереккөздерден алынды

Қоғамдық орындарда, ғимараттар алында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар тек «бар» деген атақ үшін салынғаны анық көрінеді. Тым биік, көп жерде кафельден салатындықтан арбада отырғандарға өздігінінен көтерілуге, тіпті, біреудің көмегімен көтерілуіне де кедергі келтіреді.

Ашық дереккөздерден алынды

Қаланың тағы бір ыңғайсыз тұсы – басымдықты көлік жүргізушілеріне беру. Мысалы, мына суреттегі көпір жаяу жүргіншілерге үлкен кедергі. Жолдың арғы бетіне бару үшін жай ғана «зебрадан» өтудің орнына, үш қабаттай болатын көпірге мінуге тура келеді. Ал лифт істен шыққан кезде қарттарға, жүктілерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға қиындық әкелетіні айтпаса да белгілі.

     Қаланың жолдары көлік жүрісіне көбірек бейімделгендіктен жаяу жүргіншілердің жолы көп жағдайда тар салынады. Ал велосипед айдайтындардың жолын мүлдем елемейді десек қате емес. Қалада зауыт түтінінен ластанған ауаға көліктерден шығатын улы газ қосылады. Неғұрлым көп көлік – соғұрлым лас ауа. Сондықтан экологиялық таза көліктерге басымдық беру керек. Велосипедшілердің жолын үлкейту арқылы оның қолданысын да кеңейтуге болады. Ал велосипед айдау табиғатқа ғана емес, денсаулыққа да пайдалы. Қоғамдық көліктің де қолданысын көбейту қажет. Себебін мына суреттен түсіне аласыздар.

Ашық дереккөздерден алынды

     Алдағы уақытта қала архитектурасына өзгеріс әкелмес бұрын урбанистермен ақылдасса бұл мәселелердің шешімін табуға болады. Келісіп пішкен тон келте болмайтынын бәріміз білеміз. Тек бюджетті игеру мен көліктерге кептеліс жасамауды ғана емес, қаланың басты кілті жаяу тұрғындардың жағдайын ескерсе махаббатқа толы қаланы қалыптастыруға болады.