Сіздің желідегі бейнеңіз қандай?

Немесе желідегі қазақ қоғамының қазіргі көрінісі туралы... Осы турасындағы менің ойыммен келісесіз бе?  Ендеше кеттік...

Желіде  сыпайылық сақтап жүрміз(-сіз) бе?

Әлеуметтік желіде кез келген адамның ойын ашық та, айқын жеткізуге мүмкіншілігі де, құқығы да бар. Бірақ, солай екен деп, танымайтын адаммен бет жыртысып,  ең, ең, дөрекі сөздерді айту керек пе? Осындай оқуға ұялатын талас-тартыстар көбіне -көп жұлдыздардың интернет парақшаларында немесе сол тақырып маңайында болып жатады.Тіпті  кей қыздарымыздың өзі табынатын өнер иесін әкесін жаладан құтқарғандай, шыр-пыр болатындарын қайтерсің?  Тура мынау секілді...

Осы бір пайдасы жоқ істен бізге не пайда? Тіпті осы жұлдыздар дәл сол пікір алаңындағы соғысты көрмейді де ғой... Осының бәрі не үшін?

Желіде діндар болып не табамыз?

 

Тек бұл ғана емес,  желіде өзін тап бір «молда» етіп көрсетіп, «айхай» салатындар да бар. Кез келген жазбаға(тіпті дінге еш  қатысы жоқ) дінді дәріптейтіндерді сіздер де көрген шығарсыздар? Дәл осылай жақсы атты көрінгіміз кеп, көзбояушылық жасаудың қажеті қанша?

Енді бір кезекті де, өзекті мәселе- желідегі қазақ әріптерінің қолданылмауы.Шыны керек, бұл -маңызды, маңызды бола тұра  көп адам мән бере бермейтін мәселе.Көбіміз әлеуметтік желіде қазақша жазбаймыз (яғни ,толыққанды қазақша етіп, қатесіз жазуды айтам) Қазақша жаза алмаймыз ба, әлде жазғымыз келмей ме, білмеймін, әйтеуір, көпшілік қазақ тілді топтардан пікір тұрмақ , жарияланған жазбалардың өзінен өріп жүрген қателерді көремін. НЕГЕ?

Әрине, тіл жанашырдары да бар, дегенмен көптің аты –КӨП.Желілерде осы мәселе кеңінен көтеріліп жатса да, нәтиже аз. Айтсаң түсінбейтіндерді, тіпті «прикол» ұстап кететіндерді де көргенмін . Енді бірде «оте дурс, казак казакты колдамаса ким колдайды, оте жаксы» дегендерді оқып  не жыларымды білмей қаламын.

Қашан қазақ тілінің деңгейін өз биігіне көтерер екенбіз? ҚАШАН?

Кейде бар ғой , маған  желідегі жұрт «данышпан», «тым ақылды» көрінеді. Тура мына секілді пікірлерді оқып қой)

Сіздерде де солай ма? Бірақ,   шұбырған қатемен «данышпан» болып не керегі бар?

Жалпы желіде қандайсыз? Тағы қандай жағдайларды жиі байқайсыз?

Пы-сы: Бұл бер жағы ғана екенін байқаған да шығарсыз... Қысқасы,  БІЗГЕ ӨЗГЕРУ КЕРЕК!



Бөлісу: