Сіздің есіміңіз кім?

Сіздің есіміңіз кім?
жеке
блог

Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата-әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаласа да, қаламаса да келісіп жататын кездер аз емес. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық аттарды таңдаса, жастар жағы заманауи есімдерді қоюға ұмтылады. Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені адамды басқа адамдар есімі арқылы таниды, шақырады. Сол үшін адам өзінің есімінің ыңғайсыздығынан немесе құлаққа түрпідей тиюінен қысылмайтын болу керек.

Азан шақырып қойған ат — туылған кезде көпшіліктің назарына жеткізіліп қойылған алғашқы есім. «Азан шақырып қойған аты» деген тіркес адамның туылған кездегі есімі деген мағынада қолданылады. Азан шақырып ат қою Ислам дінінде бар дәстүрлердің бірі.

Осы дәстүрді ұстанған бір ағайынымыз қызды болып үйіне молда шақырып азан шақыртып ат қойғызыпты. Жастар қыздарына Жанель есімін таңдапты. Сонда молда азан шақырып нәрестенің құлағына: - саған бұйырған ат «Жаңа ел» болды деп 3 рет қайталапты.

Ал сіздің есіміңіз кім?