Сіздің досыңыз кім?
блог
Достық жайлы әркім әрқалай пікір қалыптастырады, біреулер досын сыр бөлісетін, қиналғанда көмек қолын беретін адам деп түсінеді. Тіпті кейбір адамдар да жан доста болмайды. Сенің досым деп жүрген адамың, сенің сыртыңнан жаман сөздер айтса біреу жүрегіңді тіліп тастағандай болады. Ондай адам әркіммен бір қарым қатынас жасайды, жақсы барлығымен сөйлессін бірақ бетіңе күліп қарап жүрген адам сырттай әңгіме айтуы адамның сол адамға деген жеккөрушілікті туындатады , бірінші оны емес ,сен өзіңді жек көресің, неге сондай адамның қасында жүрдім екен деп. Және сондай ісін қоймаса ондай адам бүкіл жұрттың алдында масқара болады.
Білесіңбе? ең алғаш рет біздің мектепке көшіп келгенде меннен артық жек көретін адамың жоқтай еді.., Үнемі ісіңе тастай болсаңда менімен өзіңді салыстырасыңда отырасың. Пысықтарға жалпақтап... Енді неге өзің жалғыз қалғанда менің қасымнан шықпайсың... Көптеген жаман қылық, жаман сөздеріңе куа болдым, бірақ кешірдімғой, бетіңе келіп ештеме айтқан емеспін. Сенің жақсы жақтарыңда бар, бірақ жаман жақтарың соны басып кетті. Иа саған бірталай сөздер айтуым керек еді...
Мен саған енді ештеңе айтпаймын, мінезіңді өзгерту өз қолыңда. Бәлкім біз танымастай болып өзгерерсің, бірақ ол үшін көп уақыт керек. Бір жағынан қуанам, саған қатты бауыр баспағаным үшін, өйткені сендей адаммен бірге армандаудың өзі мен үшін мүмкін болмас. Тек менің санамда ғана қалып қойғансың, бұл блогты оқып жатсаң жаман ойға қалмассың деген ойдамын, қайта сен үшін қуанам. Ал егер түсінбесең ештеме демеймін. Сен туралы блог жазғанымада намыстанбаймын, ішімдегінің негізгісін осы жазба арқылы жеткізіп отырмын.
Иа біз әлі ештеңе көріп білген жоқпыз, бірақ ұстазымның: "сендер әлі түрлі түрлі адамдарға жолығасыңдар" деген сөзі есімнен шықпайды. Оқығандарыңызға рахмет.