"Сіздің"-деген сөз


Алматының ауа райы құбылмалы... 
Қоңыр күздің қоңырқай кештерінің бірінде,аялдама астында дір-дектеп тұрған қаумалаған жұртшылықтың арасында мен де бармын... 
Ызыңдаған машиналар даусымен адам даусынан басқа еш нәрсе естуге дәрмен жоқ. Кенет 79 -шы автобус келіп тоқтады,аялдама бекетіне. Ақыры құжынаған жұртпен асыға автобусқа да міндім... 
Көлік ішінде емін еркін тұрарлықтай сәл ғана болса да бос орын жоқ...

Анау бір жердегі орынға таласқан екі кемпірдің әңгімесін естіп тұрып 15 минут өтпей жатып-ақ универ аялдамасына да жетіп қалдым... Автобус тоқтады,есік ашылмастан КазҰУ -дан түсетін бар ма деп айқайлаған кондуктордың жағымсыз даусы басымды ауыртып барады...

Асығып-үсігіп,жұртпен таласып менде артқы жақтан жүріп келем,есік тұсына келгенде,Жігіт,сіздің,сіздің  әмияныңыз түсіп қалды -деген,бір дауыс жүрегімді елең еткізді.Жалт бұрылып артыма қарадым...

Құдай-ау,өнім бе ?

 түсім бе?!...

Әлгі қыз жерден әмиянымды алып,құтды періште қолын созғандай маған қолын ұсынды,мен де қолымды создым,бірақ басқа әлемдемін...

12 секундтық қиял әлеміне сапарым,құйын дауылдай бұлқына шырт үзілді,әрине тағы да кондуктордың ұйықтамай түссей,жігіт,-деп айқайлаған жағымсыз даусынан... Менде лезде есімді жыйып,рахмет айтпастан,жау қуғандай автобус есігінен аялдамаға асыға түсе жөнелдім. Періште де,қыз да ғайыпқа айналды... Тек, есімнен сіздің деген жүректі дүр сілкіндіретін ғажап дауыс кетпей қойды... Сол уақыттан бері 6 ай өтті ,Ойыма оралса өзге  әлемге сапар шеге жөнелем,неліктен?!...

ДН



Бөлісу: