Сіздің де сауапты іске септігіңіз тиетінін ұмытпаңыз!
блог
Дүкендер мен сауда орындарында үнемі жүргізіліп отыратын флеш-моб пен акцияларға жиі қатысасыздар ма?! Қатысқан кезде аз уақыттың ішінде пайдалы әрі сауапты іс жасайтыныңызды білесіз бе?!
Жыл сайынғы дәстүрін бұзбастан биыл Henkel компаниясы қайырымдылық мақсатында Small сауда желісімен бірге өте пайдалы акцияны өткізді. 8 сәуір мен 5 мамыр аралығында Small сауда желісінде Henkel компаниясының өнімін сатып алған жағдайда әр өнімнен 50 теңге қайырымдылыққа бөлініп отырды. Жиналған қаржыға 185 көшет сатып алынып, Қазақстанның бірқатар қалаларында ағаш егу шарасы өткізілді. 5 жыл бойы жүргізіліп келе жатқан шара аясында Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларында 2000-ға жуық ағаш егілді.
Өткен демалыста Алматыда облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге біз де бас-аяғы 35 ағаш ектік. Көгалдандыру шарасының алдында әуелі балалармен эко-квест тапсырмаларын орындадық. Белгілі архитектор Эльдар Хасановтың шағын лекциясынан кейін балалар әр түрлі құрылыс объектілерінің жобаларын жасады. Өз ой-қиялдарына ерік берген балақайлар арман қаланың іргесін қалады.
Балалармен өткен уақыттың қалай лезде өткенін байқамай қалдық. Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен қимай қоштастық. Бірінші әрі соңғы кездесуіміз болмас деп сендік. Себебі, Henkel компаниясы әрдайым игілікті шараларды өткізіп тұрады. Болашақта сауда нүктелерінде компанияның акцияларын көрсеңіз міндетті түрде қатысуға шақырамын. Сіздің де сауапты іске септігіңіз тиетінін ұмытпаңыз!