Сіздерге арнап... (байқау)

Сәлем менің Массагеттік достарым!Жазғы  демалысымды  Массагетпен  бірге  өткізіп,шілде  айын асүйден бастауды  жөн  көріп  едім.Осы  жазбамда  мен  тәтті торт әзірлеймін.

Ал, ендеше құрамы:

Жұмыртқа - 2 дана.

Маргарин(пампушка) - 300гр

Қант - 1 стақан

Әсел - 3қасық

Сода - 2 қасық

Қоюлатылған сүт - 1 дана

Ұн - көз  мөлшермен.

1.Әсел  мен соданы буға  көпіршітіп ерітеміз.

2.Әсел  мен  соданы,қантты,жұмыртқаны, маргаринді  араластырып  ұн  салып  жұмсақ  етіп   илейміз.

3.Дайын  болған  қамырды 30 минутқа тоңазтқышқа саламыз.

4.Осы   уақыт  аралығында   кремін  дайындаймыз.Крем дайындау  үшін : 150гр маргарин  мен 1 дана қоюлатылған  сүт  қажет  болады. Екеуін  араластырамыз.

5.Тоңазтқыштан қамырды  алып 6 бөлікке  бөлеміз.Барлығын  біртіндеп  жаямыз.

6.Табаны  майлап біртіндеп пісіріп аламыз.

 

7.Енді барлығын  бірінің  үстіне бірін қойып шетін  кесеміз.Қалған  кесінділерді үгітіп пешке қызартамыз.

8.Ал  енді піскен қамырды  бір-бірлеп  арасына  кремді  жағып, үгітіндіні  бетіне себеміз.

9.30 минут бойы  бөлме  темперетурасында  тұрғаны  жөн. Себебі  арасына  жаққан  креміміз  барлық  жеріне жетуі  қажет.

10.Осымен дайын астарыңыз дәмді болсын.



Бөлісу: