Сіздерді мынадай қызықтар күтіп тұр...
блог
"Өнеге" журналының келесі санының басты қонағы, еліміздің жарқын жұлдызы - Мақпал Жүнісова.
Осы жылы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 100 жыл. Ұлағатты азаматын ардақтаған қазақ елі мерейтойды қалай атап өтті, қандай шаралар ұйымдастырды - арнайы репортаждан оқыңыздар.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін "Евразия" кинофестивалінің бас бәйгесі неге ешкімге бұйырмады? Фестиваль туралы толық мағлұматтар, пікірлер.
Сартай батыр туралы нақты тарихи деректер. Бірақ "Мың бала" фильмі бұл деректерге мүлдем сай емес. Бұған Сартай ұрпақтары не деді?
Роза Әлқожа: "Жігерімді қайраған дұшпандарыма рақмет".
Қазақ киносының қазіргі ахуалы туралы Гүлнар Әбікеева, Сатыбалды Нарымбетов, Әшірбек Сығай, Ермек Шынарбаев өз ой-толғауларын білдірді.
Бақтияр Қожаның бала шақтан болашаққа басқан әр қадамы және Гүлнар Досматованың әр кезеңдегі сұлу бейнесі фотосуреттермен.
Ақын Рахат Әбдірахманов бұл санның "Шабыт" айдарында.
Отандық клиптердің арасында "Махаббат аралы" әніне түсірілген ерекше бейнеклипімен көзге түскен "Азия" тобының жігіттері "Ашық әңгіме алаңында". Жақында тағы шығармашылық ізденістерінің куәсі боласыздар дейді. Ол қандай ізденіс екен?
"Эстраданы домбыраға ауыстырған не құдірет?" Дәстүрлі әншілердің ән байқауы туралы.
"Өнеге" отандық сән шеберлерін насихаттауды жалғастыра бермек. Қазақстандағы ең қымбат марка кімдікі, білесіз бе?! Сән әлемінің шебері Айгүл Лайн өзінің төл туындылары жайында әңгімелейді.
Ибн Сина асқабақпен адам емдеген. Оның емдік қасиеттері "Тән саулығы" айдарында.
Әлемді дүрліктірген «Мұсылмандар пәктігі» фильміне қатысты қөзқарас... Дулат Исбабеков, Қайрат Жолдыбайұлы, Амангелді Айталы өз пікірлерін білдірді.
"Руханият" айдары "Ислам діні дүниелік білімге қалай қарайды?" деген сұраққа жауап береді.
Осы және басқа да қызықты мақалаларды "Өнегенің" келесі санынан оқи аласыздар. 15 қазаннан бастап сатылымға түседі.