Сізді жақсы көреміз, Қарлыға апай!
блог
Массагет сайтындағы осы бір сайыс басталғалы бері бізді қолдап,біз үшін аянбай тер төгіп, ақыл беріп келе жатқан жан бар. Ол аз уақыт ішінде жанымызға жақын боп кеткен асыл адам - Қарлыға Бүйенбай әпкеміз!
Апай бізді ылғи ұйымшылдыққа, бір-бірімізді сыйлауға және қауырсын қаламнан қарымды қалам шығуға баулып келе жатқан ардақты ұстаз!
Аз уақыт ішінде "Томирис" тобы бір-бірімізге тез сіңісіп, үйренісіп кеттік. Әрине, бұл тұрғыда да апайдың еңбегі ерен.
Жалпы өзім апайымды раушан гүліне теңеймін. Раушан секілді нәзік, биязы жанды қалай үлгі тұтпасқа?!
Өз басым "Томиристей" білімді, жақсы қыздардан құралған топқа жетекшілік етіп келе жатқан Қарлыға апайға дән ризамын. Апайдан үйренеріміз көп деп білемін.
Апайдың "Ботам" деп еркелете сөйлегенінің өзі бір қуаныш.
Әрдайым сұлу, көрікті қалпыңызбен әлі талай биіктерді бағындырыңыз деген тілек тілеуші өзіңіздей ару қыздардан құралған "Томирис" тобы!♥