Сіз туралы жазудан шаршамаймын
блог
Ғашық болу,біреуді шын беріліп жақсы көру - қандай керемет! Күнде оны көргің келіп, асығу.Қиналған шақтарымда қаламым сен менің ең жақсы серігімсің.Қандай қиын жағдай болса да сен мені тастап кетпедің,қолдадың.Бүгінде мен сені қолыма алып ойыма келгенін жазып отырмын. Тағыда сол қарашаның көңілсіз бір күнінде жолықтырған сырлы жан туралы жазамын. Мен ол жайлы жазудан да, айтудан да жалықпаймын. Соншалықты мен ғашық болған бейне қандай? Ол - мен үшін мінсіз. Оның ешқандай кемшілігі көзіме көрінбейді.Менің идеалымдағы жан. Маған оның тек бақытты болғаны жеткілікті.Мен бақыттымын.Неге? Өйткені Аллам маған ең керемет сүю бақытын берді. Мен осы сиқырлы сезім арқылы адам танымастай өзгердім.Мені өзгерткен осы құдіретті сезімге, сол керемет жанға рахмет айтамын. Қайда жүрсеңіз де Алла жар болсын,аман-есен болыңыз!