Сіз студент болдыңыз ба?)

Сіз студент болдыңыз ба?)
жеке
блог
Студенттiк шақ-әрбiр адамның өмiрiндегi ең қызықты кезең.Университет табалдырығын ендi ғана аттасақ,ертең сол 4 жылдың қалай жылдам өтiп кеткенiн байқамай да қаламыз.
ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып,мектеп өмiрiмен қош айтысқан соң.үлкен өмiрге қадам басып,ЖОО-ның студентi атанып шыға келдiм.Студенттiк күндерiмнiң,алғашқы оқу жылымның,1 курсымның куәсi-М.Өтемiсұлы атындағы БҚМУ жанындағы #1 жатақхана.Алғашында келгенiмде көп нәрсеге үйренiсе алмай,тосын қарайтынмын.Дегенмен,"Адам үш күннен соң көрге де үйренедi" демекшi,қазiр,шыны керек,келесi жылы бұл жатақханада болмайтынымды ойласам,жан дүнием өртенедi..Қимастық бар жүректе..Жаныма ыстық,жүрегiме жақын боп кеткен жатақханамды,3-қабатымды,41-бөлмемдi,қыздарымды қимаймын..Әрбiр бейсенбi сайынғы "генеральная уборка",старостамыз Дарияның "3-этаж,жиналысқа!","Тефальдарыңды  шығарың",староста көмекшiлерiнiң "3-этаж,00:00 болд,свет сөндiрiң" деген сөздерiн ендi естiмейтiнiмдi ойласам,көңiл-күйiм түсiп кетедi.Жiгiттерiмiздiң талай жатақханаларда "хит" болған,өзiмiздiң түлегiмiз Жарқынбек Шынтаевтың "Сағынса жүрек","Мен ғашық боп қалдым","Жаным сол",түрiкше "Тутамасын" ендi естiмеймiн..Жатақхана өмiрi-расымен де,ештеңемен тең келмейтiн,еш сәтке айырбастауға болмайтын ең қызықты кез.Өмiрiмнiң бiр кезеңi осында өтiп жатқанына өте қуаныштымын!Жоқтан бар нәрсе жасауды үйреткен,бiр нанды бөлiп жеудi де үйреткен осы жатақхана.Осында кеп жаңа таныс,жаңа дос тапқаныма да өте ризамын!Үйде жүрiп қадiрiн бiлмеген тамақтың қадiрiн осы жатақханада бiледi екенсiң)Түн жарымда шай iшу,қара шай мен қара нанды жеудi үйреткен де-жатақхана.Солаааай..Өзiмiздiң бөлмеге келсек,келесi жылы бесеумiздiң бес жақта жүретiнiмiз де жүрегiмiздi қынжылтады.Ең алғаш бөлмеге орналасқанымызда үйiмiздi жиi сағынатынбыз.Бесеумiз әр жақтың қыздарымыз(4 Маңғыстау,1 Ақтөбе,менi шеттете ме деген ой да болған бастапқыда),бiр-бiрiмiздi мүлде танымайтын,ондай адамның бұл өмiрде барын да бiлмейтiн бiз бiр-бiрiмiзге тез бауыр басып қалдық.Негiзi,бесеумiзде бұл қалаға,бұл универге түсемiз деген ой болған емес:Жанат екеумiз ҚазҰУ-ға түсемiз деп армандасақ,Гүлнұр,Малика,Сымбат Ақтөбедегi Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ға түсемiз деп ойлапты,алайда Алланың қалауымен,тағдырдың жазуыменен бесеумiз де Оралға түстiк)6 ай iшiнде бiрiмiзге-бiрiмiз бауыр басып,бiрiмiз бөлмеде жоқ болсақ орнымыз ойсырап,сағынатын халге жеттiк.Қысқы демалысымда үйге кетiп,жатақханамды сағынғаным да бар.Сағынамын деп мүлде ойламап ем негiзi)
Үйден жырақ жүрiп,үлкен өмiрде небiр жайттарға куә болады екенсiң,неше түрлi адамды да көрiп,жақсы-жаманды сараптайтын дәрежеге жетесiң)Студенттiк шақ-бұл лекциялар мен семинарлар ғана емес,бұл өмiрдегі  ең тәттi кез!Қадiрiн бiлiңiздер дегiм келедi баршаңызға!)
Студенттiк шақ-жазылмаған жыр әлi,
Студенттiк шақ-гүл жайқалған жолдарым.
Қимайтыным-жатақхана өмiрi,
Қимайтыным-жасыл қала Оралым.