Иә,белгілі жазушы Марк Леви айтқандай бізге күн сайын ұйқыдан тұрғанда сыйлыққа 86400 доллар беріледі. Бірақ оның бір шарты бар:бізге оны кешке дейін өз қалауымызша пайдалануға рұқсат ал түнде ұйқыға жатар кезде оның қалғанын қайтарып береміз. Жә, сіз бұл сөздердің мағынасын ендігісі түсінген де шығарсыз. Әрине бұл ақша емес , ақшадан да бағалы біздің уақытымыз , яғни, 86400 секунд. Ойланып көрейікші бұл өмірге келгелі мына әлемге қандай пайдаңыз тиді? Әрине бұл әлемде әркімнің өз орны бар деседі. Бәріміздің ойымыз әлі әлемге көмектесуге жаспыз, өсейін сосын барып қолымнан келгенді аянбаймын. Артық айтсам кешірерсіз, бірақ сіздің ертеңге дейін өмір сүретініңізге кім кепіл? Неге әлемді өзгертуді бүгіннен ,тіпті дәл қазірден бастамасқа.
Қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейлері маған тіптен ұнамайды. Бәрінің айтатыны қазір гүлденген ғасыр, техника дамыған заман. Бірақ мен бұл сөздерге еш қосыла алмаймын. Бәрі сондай оңай болса неге қоршаған ортамызды қорғай алмаймыз. Себебі, бәрі біз ойлағандай емес. Қазіргі адамдар адамның табиғатқа тәуелді екенін ұмытып кеткен секілді.
Әлемге бәріміз өз үлесімізді қосайықшы. Расы керек меніңде бұл әлемге әзірге еш пайдам тие қойған жоқ. Менің де ойым, бәрі болашақта болады. Бастысы, уақытымызды дұрыс бағалай білейік. Ол сізбен біз ойлағаннан да қымбаттырақ.
Ал сіз уақытыңызды дұрыс бағалап жүрсіз бе?