Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер - Сарыкемер ауылынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және мектепке барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жерді сен, ұзаққа қиып жібере алмайсың. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Әй, балам, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір болса есейдім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным мәңгі менің есімде...
Ал сіз өз Отаныңыз жайлы не айта аласыз?