Әлем. Біз. Тағдыр. . .
Сіз ғана әлемді өзгерте аласыз.Сіз ғана өмірді жадырата аласыз. Сіздің жаңалығыңыз басқаларға да қызықты және маңызды. Сіз ғана басқалардың тағдырын өзгерте аласыз.Сіз ғана өзгелерге тірек бола аласыз. Сіз, сіз, сіз. . .
Өмір күн секілді біз сол күннің саясында өмір сүріп ыстығына ысып, суығына тоңып келе жатқан пендеміз. Біздің өмірімізді кім өзгертеді, кімге үнемі сүйеніп жүрміз кім бізге тірек болып жүр. Әрине тек өзіңізге ғана өзіңіз тірек те бола отырып тағдырыңызды өзгерте аласыз. Сіз ғана барлық күлкілі атаулыға бастамашы болыңыз. Өміріңізді жаңа аппақ қардай ақ парақтан бастап көріңіз. Сіз мына бір болмашы ережемен жүріп көріңізші, өміріңіз қандай боларын сонда көрейік пікір алмасайық. Ол мына шағын ғана өзіндік ережелер:
1. Арманға қол жеткізу үшін күлімдеп көріңіз. Арманға дейінгі істеріңізді күлімдеп жүріп армандап оны жүзеге асырып көріңіз.
2. Адамдарға жақсы көзқарас қалдыру үшін күлімдеп,күлкімен баурап алыңыз.
3. Үнсіздікке бой алдырмаңыз, күлкімен аралас әңгімелесіңіз.
4. Жұмыста, үйде, отырыстарда, оқуда да жақсы әсерлер қалдыру үшін күлімдеп сөйлеп,күліп жүріңіз бұл жолыңыздын ашылуына қысқа жол.
5. Басқалардың мәселесін мейлі қандай мәселе болса да қабағыңызды түймей, іштей қуанышпен жүзіңізді әдемі кейіпте ұстап шешіңіз.
6. Басқаларды іштей жақсы көріңіз, адамдардың барлығын жақсы көріп сіз ғана алғы қадамға шығатыңдай боласыз.
7. Жақын араласытын адамдарыңызбен араласуға олармен сөйлесуге уақыт бөліңіз.
8. Көңілді әуендер тыңдаңыз.
9. Уақытыңызды арқашан үнемді жұмсаңыз, уақыт мүмкіндік емес қайтып беріле бермейді. Бағалаңыз.
10. Шыңдыққа тура қараңыз.
Бір рет те болса байқап көріңіз. Сізге көбі сенеді. Сіз басқалар үшін “лидерcіз”. Өз өміріңізді өзгерту ақ парақтан бастау өз қолыңызда.Тек қана күлімдеп бастаңыз. Бастаймыз ба???