«Мамам еңбек демалысына шыққанда күнде өз қолымен каша дайындап,үлкен болсам да киіндіріп сабаққа жіберетін. Рахат сезім,ия?!Сөйтсем ана жүрегі бәрін сезеді екен ғой.Біраз уақыт бұрын мамам қатты науқастанып,ауруханға түскен еді.Әпкем жұмыста,қалада «родной» туыстарымыз болмаған соң, диагнозын тек маған айтқан-ды.Сондағы сөзі: «қызым,бәріне дайын бол!Жүрегі көпке шыдамайды» деп,бір жапырақ қағазды қолыма ұстатты. Одан біршама уақыт өтті ,қатты қорқып жүрмін.Үйден шығарда қатты құшақтап,келмеске кетердей жүзіне тояттана қарап аламын.Мамам да оны сезгендей жылы алақанымен басымды сипап,маңдайымнан сүйіп қояды.Сыртта жүргенде жүрегім орнына тұрмай, «Алла-ай,мен үйге барғанша мамам кетпесінші» деп іштей тілеймін.Папапм екеуінің бір-бірне смс арқылы сөйлескендерінің өзі бір романтика еді ғой,шіркін!Мені тастап...тастап кететіне сенгім келмейді.Қорқамын...
2013 жылдың аяғы.Қарбалас болып жүргенде әпкемнің денсаулығы да сыр бере бастады.Беті ісіп,басы жиі ауыратын болды.Бір жақ беті іскен соң тісі ауырып жатыр екен деп ойладық та,дәрі баса беретінбіз.Бұл жолы басқаша болды.Күн өткен сайын ісіне берді,өңі қуарып,адам танымастай өзгерді.Дәрігерге қараттық.Қызығы,дәл сол дәрігер мені екінші рет шақырды.Қал жағдайымды сұрап,менің батыл қыз екенімді айтты да,жер планетасын кеудесімен көтеріп тұрған адамдай ауыр бір күрсініп алып, сөзін жалғай кетті-Қызым-ау,енді не етер екенсің?Тағы сол сөзді қайталайын деп тұрмын.Анаңның жүрегі ауыратын,бұл хабарды естіртсем көтере алмайды-ау деп,тікелей өзіңе хабарласып,шақырдым.Енді барынша бекем бол.Артыңдағы бауырларың енді саған аманат болып қалмақ. Алла саған сабыр берсін деп тілейін!...әпкең мидың қатерлі ісігіне шалдығыпты.Үміт жоқ...» Төбемнен жай түскендей болды.Есеңгіреп,есімді жия алмай қалдым.Адамның өлімін күтіп жүруден асқан азап жоқ шығар! Сол күннен бастап күнде театрға немесе киноға баруды шығардық.Оның өмірден жылап өткенін қаламаймын.Жиырмаға жасы жетпеген,көрер қызығы алда болған әпкемді ауыртқанша,я,Құдай,неге мені бірден ала салмадың деп іштей тауысылып жүрмін. Бірақ,сырт көзге ештеңе білдірмеуге,Мамам мен әпкемнің алдында барынша көтерңкі көңіл күймен жүруге тырысамын.Сенің осы жүзіңнен күлкі кетпейді,иә?-деп жүріп,достарым да оңдырмады. Өзімді қол орамал сияқты сезініп кеттім.Қолдан-қолға,керек кезде алып,керек емес кезде лақтырып кетіп,үстімнен таптайдындар тым көбейіп кетті.Ішім толып қалды.Мамам мен әпкемді соңғы күндерінде қинағым келмеді,жылап,көз жастарын көргім келмеді.Драммаға барып бұрышта жылауды шығардым.Оларсыз күнімді елестетіп...Неге бәрі де дәл осындай болуы керек? Неге екеуі бірден?Қос қанатымның қас қағым сәтте қайырылып бара жатқаны қалай?Аяулы анашымды,жан дегенде жалғыз әпкемді...неге? Енді сүйенішім кім болмақ?Не істейм...Не... Неге? деген жауапсыз сұрақтар ойыма ағылып келіп,осыларға жауап іздеп отыратынды шығардым. Алла бізге есеп бермейді ғой...»
Қарсы алдыңда жан сырын осылай ақтарып отырса,тілің күрмеленіп,айтуға,жұбатарға сөз таппайды екенсің.Құсада қалған құрбымның ендігі күні не болмақ деп мен де алаңдап жүрмін.Оған қарап,ата-анамды,әпке-бауырларыма деген махаббатым арта түсіп,шүкіршілік етемін.Айтыңызшы,осындай да не айтуға болады? Өзімше жігерлендірейін десем, «досым...» деп кідіріп қаламын.Оңай ма?Жоқ!
Мама,аман болыңызшы! Ал, досым... Тағы ештеңе айта алмаймын,кешір...
Сіз менің орнымда болсаңыз не істер едіңіз?