Сіз құпияны сақтай аласыз ба?

Сіз құпияны  сақтай аласыз ба?
жеке
блог

Сіз әдетте өз құпияңызды ең жақын достарыңызбен бөлісесіз. Құпияңызды ешкімге айтпауға өтінесіз, бірақ уақыт өте келе өз сырыңызды барлық таныстарыңыздың біліп қойғанына көз жеткізесіз. Дегенмен,сіз кейде достарыңыздың құпияларын сақтай алмайтын кездеріңіз де болады. Солай ма?        

Не себептен кейде кейбір адамдар құпияны сақтай алмайды?

 Менің ойымша, әр адамның моральдық қасиеттері  әртүрлі. Кейбір адамдарға достарының сырларын айта салу –  қалыпты жайт, ал керісінше әлдекімдерге ол мүлдем адамгершілік қасиетке тән емес деп есептейді.     Құпияны айта салу -  ол адамзаттың осал жерінің бірі, себебі адамдардың басым бөлігіне біреулердің жеке өмірін талқылаған ұнайды. Әңгіме барысында, кейбіреулер достарының құпияларын байқамай айтып қойса,   бір адамдар достарының сырларын әдейі айтады. Сондай екіжүзді, ұшқалақ адамдарға сенбеңіздер және ешқашан құпияңызды айтпаңыздар!  Ауыздарыңда мүлдем сөз тұрмайды.  Қазақта бір жақсы сөз бар ғой "32 тістен шыққан сөз, 32 елге тарайды". Сондықтан, сырыңыздың бүкіл жұртшылыққа мәлім болмасың десеңіз, ауызыңызға берік болыңыз, әйтпесе зардабын кейін өзіңіз көресіз. Егер досыңыз сізге сырын айтса, сатқындық жасап,басқа адамдарға жариялауға болмайды. Ертеңгі күніңізді ойлаңыз, досыңыздың бетіне қарай алмай қалмаңыз!

Қазір шынайы достар өте аз, сондықтан құпияны ешкімге айтпаған жөн. Досыңа да сырыңды айтпа, досынның да досы бар...