Сіз кімсіз?

Сіз кімсіз?
жеке
блог

Өмір атты ұлы жолда жаныма жолдастарым мен тілектестерімді ертіп жолаушылап жүргеніме шын жүректен ризамын. Күнде таңертең оянып керіліп жаттығуымды жасап болған соң, өткен өмірімде болған ең қызықты, ең күлкілі сәттерімді архивтерден шығарып, көз алдыма бір жүгіртіп өтемін. («Өткен өмірім» дегенге қарап, быраз өмір сүріп тастапты ғой деп ойлап қалмаңыздар, бар болғаны 18 демін). Артынша ең-ең биік мақсаттарымды айтып, олардың орындалуы үшін бүгін еңбектенемін деп үйден энергияға толып шығамын... Аялдамада тұрып автобусты күту, оның ішіне кірген соң ұрысқан елдердің «әдемі» сөздерін есту, қалтамды өз қалтасындай ақтаратын ұрлықшыларға соткам мен әмиянымды сыйлау,  2 сағат кептелісте тұру, уақыттың жетіспеушілігі мен үшін түкке тұрмайды. Өйткені, мен оптимиспін! Олардың барлығы мен үшін сабақ. Және өмірімде ондай сабақтардың көп болатындығын өзім ғана кінәлімін...Осы жазбамда оптимистер мен пессимистердің 4 айырмашылығын көрсетіп, сіздерді оптимист болуға шақырғым келеді.

Біріншіден, оптимистер пессимистерге қарағанда өмірсүйгіш келеді.

Оптимистер жаманның жақсысын ғана көріге ұмтылатындықтан, олар жеңіл өмір сүреді. Өмірдің мәнін түсініп, өзгелерге үлгі бола біледі. Және жүректеріндегі қуанышты өзгелерге күн нұрындай шаша біледі.

Бұл тұста пессимистер керсінше бар бақытын жасыруға ұмтылады. Бақытты болсаң немесе көп күліп қойсаң, міндетті түрде бір жылайсың деген ұстаныммен өмір сүреді.

2. Оптимистер пессимистерге қарағанда қозғалғыш, еңбекқор болып келеді.

Оптимистер сендіре біледі және сол сенімді толықтай ақтайды. Бойларында күш қуат тасып, бәріне үлгеруге тырысады.

3. Оптимистер мен пессимистер табыс пен сүрінген сәттерін әр түрлі қабылдайды. Оптимистер қол жеткізген табыстарын өз еңбегім деп біледі. Ал жасаған қателіктерінен сабақ алады.

Пессимистер керісінше жолым болды, сәті түсті дегендерге көбірек сенеді. Олар кінәні өзгелергелерге тағады.

4.Оптимистер мен пессимистердің денсаулықтары мен көңіл-күйлері әр түрлі.

Оптимистер әрбір атқан таңына қуанып, денсаулықтарының сау болуына мән береді. Ал пессимистер кішкене бір жері ауырса, оны жазылмас дертпен теңейді.

Сурет: amur.kz