Сіз қайда оқисыз?

Сіз қайда оқисыз?
жеке
блог

Еліміз дамыған елу елдің қатарына еніп, алдыңғы отыздыққа алшаңдап аяқ басты. Сол дамыған елу елдің құрамында болуға лайықтымыз ба? Бұл сұрақтың жауабын өзіңіз беріңіз. Сіз қайда оқисыз? Шет ел оқу орындарымен салыстырыңыз. Қарапайым мысал, сіз оқитын оқу орны толықтай соңғы үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталған ба? Биыл еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында , оқу ақысы орташа есеппен алғанда 500мың теңге болды. Мықты деген оқу орындарында 10 000 мен 20 000 ның арасында студенттер оқиды. Сол студенттерден алып жатқан ақшаның 10 нан 1 бөлігінің өзіне бір оқу ордасын жайнатып жіберуге болар еді. Және, әрбір адам - шығармашылық иесі. Сіздің оқу орныңыз шығармашылықпен айналысуыңызға қаншалықты жағдай жасап отыр? Егерде біз күні бойы сабылмай, таңертеңгі 8:30 дан 13:30 ға дейін ғана университетте жүрер болсақ, түстен кейінгі уақытымыз шығармашылықпен айналысуымызға арналар еді.

Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса,-дегендей бұның бәрі билік өкілдерінің қолында. Ал, біздің міндетіміз ьен мақсат-мүддеміз осындай маңызды мәселелерге қалам тартып, ой тастау.