Сіз қай қыздар тобына жатасыз?
блог
Bisquit тобы 10 түрлі қыздардың тізбегін ойлап табуда мынадай тізімдер жасады. Бұл тізімдегі қыздарды ерлер жақсы көреді дейді. Сіз осы тізімнің қайсысына жатасыз?
1.Бала немесе кішкентай ерке қыз
Бұл топқа әлі бойжетіп, үлкен өмірге аяқ баспаған қыздар жатады. Әдетте, ерлер қауымына олардың балалық қылықтары, балалық қуаныштары мен ойынқұмарлықтары ұнайды. Осы топтың қыздарына көбіне әкенің рөлін атқаратын ұлдар қызығады. Яғни, ерке қыздарды одан ары еркелетуге емес, оларды өзіндік тәрбиеге икемдеп, үй қызы ету мақсатында.
2.Жұмбақ қыз.
Өзіндік құпияларға толы қыздар. Бірақ, тек белгіленген мөлшер аралығындағы құпиялық. Ал, шеттен шыққан құпияларды ерлер қауымы ұнатпайды, әдетте. Сондықтан, мұндайда ашылмаған құпия қалып қоймау керек. Жұмбақтылық бірден емес, біршама уақыт аралығында ашылып отырғандығы тіпті жақсы.
3.Тартымды қыз.
Әрине, асқан тартымдылықтан қашып құтылу өте қиын. Алайда, ерлер 24 сағат бойы қуыршаққа ұқсаған шектен асқан тартымдылықты ұната бермейді. Көбіне, мұндай сұлулардың жеке өмірінің бақытқа кенеліп, жанұялы болулары қиынға соқпақ.
4.Ұялшақ немесе ақылды қыз.
Көбшілік ерлерді ұялшақтық, ақылдылық, адалдылық баурайтыны белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандану барысын өткізіп жатқан заман тұсында, ондай қыздар санаулы. Егер, сіз осындай ұялшақтау қыз болсаңыз, оныңыздан еш ұялудың қажеті жоқ. Өйткені, ерлер ол қасиетіңізді бағалап, сізбен ұзақ уақыттық қарым-қатынас құруды көздейтін болады. Өйткені, махаббатта тәжірибесі жоқ қызға ол барынша барлығын үйретуге тырысады.
5.Бонда немесе белсенді қыз.
Ия, барлық ерлерге Лари Крофт сынды қыздар болса болғаны. Алайды, қыз қылығыңды шетке ысырып, ерлерше қимылдаған да дұрыс болмас. Әдетте, ерлерді сенің күшің не болмаса карете сынды спорт түрлерінде алған белбеуің қорқытуы да мүмкін. Ал, үй шаруасындағы ерлердің жұмысын атқаруың олар үшін өте жақсы. Осының барлығына қарамастан, егер спортты сүйіп, онымен айналыссаң оны жасырудың орнына жұртқа әйгілі ет.
6.Жаман қыз.
Әдетте, ондай қыздарды шапалақпен тартып алғың келеді. Бірақ, шапалақ емес-ау, жақсы бір тәртіпке салу болар. Өйткені, жаман қылықты қыздар жанұяға емес, төсек қатынастарына жақсы. Ал, жаман қылықты жұртқа көрсетудің тіпті, қажеті жоқ. Мысалы, түн ортасында үйге ішіп келу, көршінің мысығын тебу, жігіттің туыстарын балағаттау.
7.Мен өзім
«Мен өзім бәрін шешемін» -деген қыздарды, жігіттер ұнады сөз жоқ. Олар әрдайым өз мәселелерін өздері шешіп, өзгенің көмегіне жүгене бермейді. Бірақ, осындай кездерде шыдамның да шегі бар деген түсінік пайда болады ұлдар қауымында. «Егер ол барлыған өзі шешсе, мен оған не үшін керекпін?» - деген сауал туындап, арақатынас үзілуі мүмкін. Сондықтан, кейде өзің шеше алмайтындай сыңай танытып, оның көмегіне жүгінсең, ол өзінің саған керек екендігін біршама сезініп қалады.
8.Екінші ана
Ең алдымен ұлдар өскен кезде ананың қамқорлығынан бөлініп, өзіндік ержеткендердің рөліне енгісі келеді. Содан, үйден бөлініп, ананың рөлін атқаратын, яғни, үй жинап, тамақ жасайтын қыздарды іздейді. Біршама уақыт өткен соң, жігіт одан да жалығады. Ал, мұндай кезде, қыздардың ақылдылық пен сабырлылық танытулары дұрыс.
9.Жарқыраған жұлдыз.
Мұндай топқа, әрине баршаның арманына айналған қыздар жатады. Оларға бәрінің қолы жеткізгісі келеді, бірақ бата алмайды. Алайды, мұндай қыздар көбіне жалғыз болады. Тура бір, «девушкам из высшего общества трудно избежать одиночества…» сынды орыс өлеңіндегідей.
10.Өзіміздің жігіт
Ұлдарға әзілді түсінетін, өзімен бір деңгейде ойнай алатын қыздар ұнайды. Яғни, жігітпен бірге күліп, айтқандарын талқылап, бірге отырып футбол көру. Бір сөзбен айтқанда, өзіміздің жігіт болу.
Мәліметтер Вконтакте сайтынан аударылды