Сіз қай жолмен жүрер едіңіз?

  Ойыңызды жинақтап, барлық дүниені ұмытып, бір сәт өзіңізге көңіл бөліңіз.Жүргіңіз келетін жолды таңдап, өзіңіз туралы біршама ақпарат алыңыз.Бастысы логикаға сүйенбей, жүрегіңіздің қалауын таңдаңыз.Ал, кеттік:

1.Сіз-сұлулықты жақсы көретін және бағалай алатын толыққанды, үйлесімді тұлғасыз.Айналаңызды өзіңізге қымбат нәрселер қоршаған кезде,  күш-қуатыңыздың артқанын сезінесіз.Сіз салт-дәстүр мен мәдениетті бағалайсыз.Егер сіз гүлденген жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз өмірдің,тіпті, ұсақ-түйегіне де қуанып,  өзіңізге керегін ала алатын адамсыз.Алдыңыздағы орта көлемді тасты көріп тұрсыз ба, бұл-сіздің жолыңыздағы күтпеген оқиғалар.Сізді үйреншікті тұрмыс салтыңызды өзгертетін,  әлеміңізді дүр сілкіндіретін оқиға мен жаңа дүниелер күтуде.Қалыпты әдеттеріңізді өзгертіп, кейбір нәрселер туралы үндемей қалуды  және тыныштықта өмір сүруді доғаратын уақыт келді.Айналаңыздағы адамдарға сіздің де даусыңыз, сезіміңіз және қызықты ойларыңыз бар екенін көрсетіңіз!

2.Бұл жолды таңдаған адам-мықты тұлға.Бұл-ешқашан да сатқындық жасамайтын, досының артқан сеніміне әбден лайық,  батыл, адал тұлға.Бұндай адам тосын оқиғалар мен сынақтардан қорықпайды, ол алдағы оқиғалардан тайсалмай , оларды сынақ ретінде емес, ойын ретінде қабылдайды.Егер сіз  осы жолды таңдаған болсаңыз, онда бұл сурет дәл сіз туралы.Жолдың тастан жасалғандығы сіздің күш сынасудан қорықпайтындығыңызды, өзіңізге келген қарсылықтармен бетпе-бет тұра алатыныңызды айтады.Жолға қарап, алдыңызда бұдан да керемет әлем күтіп тұрғандығын еш күмән келтірмей айта аласыз. Мақсатыңызға қарай адымдай беріңіз, сіз жақындап қалдыңыз...Сонымен қатар сіз өзіңіздің әскердегі құрылғыдай мықтылығыңыз  бен күшіңізді көрсетуге дағдыланып кеткенсіз, сондықтан адамдар сізді жараланбайтын әрі күшті, сынбайтын  адам деп ойлауға үйреніп кеткен.Бірақ,біз, сіздің іштей өте мейірімді екеніңізді білеміз.Кейде өзіңіздің әлсіздігіңізді көрсетуге қорықпаңыз, бәрін арқалап ең мықты болып көріну міндетті емес.

3.Егер сіз осы жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз үзіліс алып ойланғанды жақсы көресін адамсыз...Сіз  әр нәрсеге мұқият қарайсыз, сұрақтар қойып, оның жауабын ерекше ынтамен іздейсіз.Біреулер тыныштықта өмір сүруден қорықса, сіз бұндай өмір ағысына қарсы жүзбейсіз.Кейбір кезде жолыңыздан адасып қалғанымен, сіз үрейленбестен сол жолды қайта тауып аласыз.Шөп-шалаң басып кеткен осы жолды таңдауыңыз, сізді рухани дүниені іздейтін адам ретінде көрсетеді.Назар аударып қарасаңыз, жолдың үзіліп, ары қарай не бар екенін көре алмайтынымызды байқайсыз.Мүмкін, алдыңызға нақты мақсат қойып, өмірлік жоспар құратын уақыт келген шығар?Тым болмаса  таяу күндерге...Сіздің  ішкі қуатыңыз-бұл сіздің күшіңіз, ал қызығушылығыңыз өміріңізді бірқалыпты етпеуге септігін тигізеді.Үйреншікті өміріңізге біреуді кіргізіңіз,сонда ғана бұның қаншалықты керемет екенін түсінесіз!

4.Егер сіз дәл осы таңғаларлық жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз-ерекше тұлғасыз.Сіздің өміріңізді жарқын сәттер, ерекше нәрселер мен ынтызарлық толтыруда.Сіз барлық қалыптан тыс, көпқырлы дүниелерді жақсы көресіз, сол сияқты сіздің қызуқанды болмысыңыз да бір сәтте өзіне тарта да, таңғалдыра да алады.Биік ағаштардың астындағы дәл осы жолды таңдау арқылы , сізге алдыға қарау маңызды емес екенін көрсетесіз: сіз көбінесе төбеңізге қарайсыз.Яғни, кеңістік жолдың өзінен де маңыздырақ.Бірақ, абай болыңыз, кейбір нәрселер дәл сізге қарай жүруі  мүмкін, сондықтан алдыңыздағы жолға қарау да маңызды.Адамдар сіздің тоқтаусыз рухани күшіңізден, толыққанды өмір сүре алу қабілетіңізден қуат алады, сол себепті кейде өзіңізді қалыпты ұстай алатыныңзды көрсетіңіз.

5.Әдетте, бұл жолды таңдаған адамдар- қарапайым және өте ақжарқын жандар.Сіз ешкімге реніш ұстамайсыз, кек сақтай алмайсыз, тез кешіресіз және тез ұмытасыз.Өзгелер ұсақ-түйекпен бас қатырып жатқанда, сіз әлемге кең көзқараспен қарайсыз.Күзгі бақ бейнеленген суретті таңдауыңыз-маңызды ерекшелік болып табылады.Күз- екі аса маңызды мезгілдің арасындағы кезең.Қазір сіз дем алудасыз немесе жаңа бір нәрсенің келерін сезіп жүрсіз, бірақ жақын арада бәрі өзгереді.Және жақсы жаққа қарай өзгереді.Әрине, алдағы жол соқпақты әрі тайғақ болады, алайда сіз бұның барлығынан өтуге шамаңыз жеткілікті.Жаныңыздың жылулығы мен мейірміділігі арқылы адамдарды баурап аласыз әрі олармен бөлісіп, үйрететін де жақтарыңыз бар.

6.Сіз- тыныш әрі терең ойлы адамсыз.Жалғыздықты жақсы көргенімен, жақын адамдарыңыздың ортасында болудан бас тартпайсыз.Сіз терең сезімге және жанашырлыққа бой алдыра аласыз, сізден шынайылық пен қайырымдылық нұры тарайды.Сіз қараңғы жолды таңдадыңыз, демек қазір сіз өзіңізбен-өзіңіз қалғыңыз келеді.Бірақ бұл жалғыз өзіңіз жүресіз деген сөз емес, жай ғана өзіңіздің ішкі себептеріңізді, талпыныс, сеніміңізді ретке келтіру керек.Жолдың соңында сізді жарық күтіп тұрғанын көрдіңіз бе?Бұл жаңа баспалдаққа қадам басу үшін  аяқ асты өзгерістерді  күтудің қажеті жоқ екенін көрсетеді.Сіздің жаныңыз, сіздің көзіңіз сияқты жаңа кезеңге жақындап келе жатқандығына ақырындап үйрене бастайтын болады.Бұл таңдау сіздің рухани әлеміңіз таңғажайып екенін айтады.Неге өзге біреуді де осы әлемге шақырмасқа?

 Адам өзі туралы, өзінің қабілеті мен мүмкіншіліктері туралы толыққанды біле бермейді.Өмірде адам баласы өз потенциалының жартысын да пайдаланбайды деседі.Ойлап көріңіз, біз миымыздың толықтай 100 пайыз мүмкіндігін пайдалана алатын болсақ, не болмақ?Бір қарағанда ертегі сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ кез-келген дүниенің шегіне жету, әрине, мүмкін емес.Алайда тырысып көріңіз, бұл өмірде біз білмейтін, сіз білмейтін кереметтер қаншама.Мен осындай адам екенмін,менің мүмкіншіліктерім көп екен, алда жақсылықтар күтуде екен деп қарапайым қорытынды жасай салуға болмайды.Өз-өзіңізбен жұмыс жасаңыз, ойыңызды ретке келтіріңіз, сіздің таңдауыңыз сіз туралы не айтып тұр, сізге қандай кеңес береді - бәрін мұқият таладаңыз,сонда ғана бұл тесттің пайдасы болмақ. 



Бөлісу: