Сонғы зерттеулер 2015 жылы америкалық "Furfur" журналы заңды түрде адамдарға донор қарастыратын адамнан сұхбат алып, оны жариалаған болатын. Кейіпкердің айтуы бойынша, адамның ағзасын трансплатациялау Онтүстік Америкада-Эквадор, Бразилия және Аргентинада жасалады. "Желке миын үшін біз таза 20 мың доллар төлейміз, егер донорлыққа бүйрек болса- 50 мың, бауыр фрагментіне-60 мың доллар.Барлық тексерулер жасалып, тәжиірбелі мамандар әлемнің ең үздік клиникаларында ота жасап болған соң, айығу уақыты шамамен 10-30 күндей. Одан соң біз бастапқы реабилитациялық емін төлеп береміз."-деді журнал кейіпкері.
Адамның ең бағалы ағзаларын есептеп көрейікші:
Бүйрек (2 дана)- 50 мың долларға дейін.
Бауыр- 200 мың доллар және оданда көп.
Ұйқы безі- 70 мың доллар.
Жұлын миы(костный мозг)- 23 мың доллар әрбір граммы үшін(шамамен ересек адамның бойында 2,5 кг болады, сонда шамамен 57,5 миллион деп есептеуге болады)
Өкпе- 200 мың доллар.
Кеуде қуысы(роговица)- 350 мың доллар.Егер сіздің органдарыңызды өлі кезде алатын болса, бұл бағалар екі есеге арзандайды.
Жүрек- 260 000 мың доллар.
Сонда, барлығын есептей келе, бір сау адамды саудаға салатын болса шамамен 60 000 000 миллион доллар шығады екен.
Жарайды ғылыми жағынан азын аулақ ақпарат білдік. Жалпы сіз жан тапсырып өмірден кеткен кезде, сіздің ағзаларыңызды басқа біреудің қажеттілігіне жұмсауға қалай қарайсыз? Бұл сұраққа бірі ия десе, бірі жоқ дері айдан анық.
Енді, жарайды шынымды айтайын бұл мақала адамның ағзалары туралы ақпарат беру үшін емес, адамның нағыз құнын айту үшін жазылып отыр.
Сіз, ия сіз, қанша тұрасыз?
Құныңыз қанша?
Сіз өзіңізді қалай және қаншаға бағалайсыз?
Осы сұрақтарға жауап беріп көрейін!
Бұл сұрақты қойғанда көп адам бірінші ретте ақша жайлы ойлайды солай ма? Немесе менің құным жоқ дейді, тіпті тегінмін деп ойлайтындарыда бар.
Мен келісімін ия, адам құнсыз бірақ ол рухани жағынан қарағанда ғана, адамның жаны, ойы, хәм құнсыз болып келеді, өйіткені Алла оны ерекше етіп жаратады. Ол күмәнсіз құнсыз және қайталанбас дағды. Енді одан бөлек бәрінің дерлік құны бар. Жәй ғана мысал, уақыттың құны жастық. Адамның құны оның жиған білімі, жасаған жұмысы, абыройы, жан-дүниесі, арласатын ортасы, жанында табылар жақындары. Солай емес пе? Адамның құны-ол өзі, өз болмысы! Қанша жерден қарсы келсеңізде, адам өз болмысын жолғалтса, құны болмайды. Өзіңіздің ортаңыздағы абырой мен сыйлылығыңыз сіздің қаншалықты құнды екеніңізді көрсете алады. Және егер сіз ақиқатына құнды болсаңыз, ешқандайда байлық не атақ, яки ақша сізді арбай алмайды. Сіздің жинаған біліміңіз сіздің құныңызды көрсетеді. Сіз надан адамның жанында әлде қайда құнды боласыз, өйіткені жиған біліммен іліміңіздің арқасында күн көресіз. Құнды адам дәл сол білімі мен ғақылы арқылы аса бағалы. Енді сіз тегін бола аласыз ба? Жоқ! Бола алмайсыз, біліп жүріңіз УАҚЫТ-АҚША және жастық шақ. Өзіңізді ешқашанда тегін немесе немқұрай бағаламаңыз! Сіз өте байсыз, өте құндысыз! Құнсыз бола аласыз ба? Жоқ! Сіз құнсызсыз тек жақын адамдарңыздың ортасында, және өзіңіз үшін, ал басқалар үшін сіздің белгілі құныңыз бар. Мәселем сіз 6 жыл бойы жоғарғы оқу орнын оқып, 100 мың табуыңыз мүмкін, ал 11 жыл мектепті бітіріп орта біліммен 400 мың табуыңыз мүмкін. Дәл солай өзіңізді не ақшамен не рухани жағынан бағалау өзіңіздің қолыңызда!
Құнды болыңыз, өмірде нағыз нәрселерді құнын біле беріңіз! Ақшамен емес уақытпен және еңбекпен бағалаңыз, өйіткені адамның нағыз қасиеттерін, яки адалдық, шыншылдық, қарапайымдалықты, иман мен білімді сатып ала алмайсың егер адамда тұлғалық қабілет болмаса.
НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!