Асау тағдыр.Өмір сағаты мəңгілік соққанымен,жүрек сағаты шектеулі.Алпыс екі тамырға нəр берген осынау жүрек небір күйлерді талай кешеді екен.Түс секілді есте қалатын балалық шақ өтірік,арамдықтан бойың таза болғандықтан ба жүрек түкпірінде ең бақытты сəт ретінде сақтаулы қалады.Ата-ана мейіріміне шомылып,дұрыс жол нұсқаған тəрбиені көрсеңде,жастық дəуренде қоғам жəне қоғамдағылар өз ықпалына ертіп,"өзім дегенде,өгіздей күшім бар" дегендердің сөздеріне сендіріп,өтірігіне алдандырып,жолдан тайдырып,жақсыны жат, жаманды жақын қылып, бетіне күліп, сыртынан құсуға дейін апарып қателестіреді.
Қаттеліктен бой түзеп,аңдап қадам баса бергенде қара бастың қамы қайтадан баяғы "қателік" атты жартасқа апаруы мүмкін.Жартастың шеті биік құз.Ол құздан не өлесің, не жұрт көргісіз боп тірі қаласың.Уақыт өте келе бəрі умытылғандай болар, сыйлы да боларсың.Ол кезде дəуренің өткен, төрден гөрі көрге жақынсың.Тірі кезде тірліктің қамымен жүргенде тайдырып,сүріндіріп,қайта тұрғызады,қуаныш қысқа қайырылып,артынан шешімі табылмастай жаман сəттер ұзаққа созылады.Осылайша,жақсы мен жаман кезектесіп келе береді.Сонда асау тағдыр мұнысымен нені түсіндірмек?