Ғаламтордан мынадай жаңалық оқыдым: “Кеше Ресей мен Украинаға аса ірі хакерлік шабуыл жасалды. Petya деген атпен белгілі бопсалаушы вирус барлық алапат компаниялар компьютерлерін бұғаттап, биткоин түрінде 300 доллар талап еткен.
Бұл шабуылға ұшырағандар қатарында «Роснефть», «Башнефть», Mars, Nivea, «Ашана», сондай-ақ украиналық «Запорожьеоблэнерго», «Днепроэнерго» мен «Днепровская электроэнергетическая система» бар. Борисполь аэропорты мен Киев метрополитенінің компьютерлері де істен шыққан. Осының кесірінен аэропорт рейстерді кейінге ысырса, метро жолаушылары биле ала алмай әлек болды.
Сарапшылар зерттеуі бойынша, Petya вирусының таралу принципі мамыр айында осы типті шабуыл жасаған WannaCry вирусына ұқсас болып шықты. Ол кезде хакерлер АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігінің залалды бағдарламасын пайдаланған”.
Жалпы хакерлер, аферистер, наркобарондар, мафиозниктер туралы оқығанды қатты жақсы көремін. Мен үшін бұлардың істейтіндері – нағыз романтика! Оқып болып: Мұның не, Petya? – ойладым. Егер мен «Роснефть», «Анаунефть», «Мынаунефть» деген компанияларға шабуыл жасайтын хакерлік вирус ойлап тапсам атын «Petya» деп қояр ма едім?! Фантазия қайда? Жарайды, өз аты солай делік. Яғни, Петяның логикасына сүйенсек, мен бопсалаушы вирусты дос-туыстарым қойған есімдермен Аечка немесе Йоко деп атайды екем. Қызық емес сияқты...
Бірақ... Бірақ, вирусқа шынымен өз атын қойса, Петямыз «Безнадежный романтик» деген сөз екен ғой, иә?!
Ойланып отырғаныма 30 минут болды. Хакер болу оңай емес екен, ә...
Мен Петяның орнында болсам вирусыма ат қоюға кететін уақыт оны ойлап табуға кеткен уақыттан әлдеқайда көп болатын сияқты ғой. Не болса да, мұндай шаруаға Дали керек – ау деймін. Оның кейбір картиналарының толық атауын естіген шығарсыз. Естімесеңіз төменнен оқып аларсыз.
Сонымен, Сіз не дейсіз?
P.S. Дали картиналары атаулары. Бұларды қазақшаға аудару оңайға соқпас
1. Сон, вызванный полётом пчелы вокруг граната, за секунду до пробуждения
2. Дионис набрызгивает готовый образ Кадакеса на кончик языка трехъярусной женщины Гауди
3. Невольничий рынок с явлением незримого бюста Вольтера
4. Явление лица и вазы с фруктами на берегу моря
5. Мягкая конструкция с варёными бобами (Предчувствие гражданской войны)
6. Призрак Вермера Делфтского, способный послужить и столом
7. Иногда я с наслаждением плюю на портрет моей матери
8. Встреча иллюзии и остановленного момента - жареные яйца в ложке
9. Я в возрасте шести лет, когда я был куколкой кузнечика
10. Череп с музыкальным отростком, лежащий на ночном столике, который должен был бы иметь температуру гнезда кардинала