Сіз де біле жүріңіз

  360 градусқа бұрылатын камера

  Жапондық Ricoh компаниясы түрлі панорамаларды түсіруге арналған Theta камерасын ойлап тапты. Ол Берлинде өткен IFA халықаралық көрмесінде таныстырылған болатын. Камераның салмағы небәрі 95 граммды құрайды. Оның құрылысындағы ерекшелік – екі жақты обьективінде. Бір ғана тетікті бассаң болғаны камера өзі 360 градусқа бұрылып, сізге әдемі суреттер сыйлайды. Ал мұндай камераның есте сақтау қабілеті – 4 ГБ, яғни 1200 сурет сыяды. 

Барлық отбасы мүшелеріне арналған тоңазытқыш

Биылғы әлемдік көрмеге Самсунг Электроник компаниясы side-by-side Samsung Food ShowCase тоңазытқышын алып келді. Тоңазытқыштың аты айтып отырғандай, тағамдарды екіге бөліп сақтайды. Бірі – күнделікті қолданысқа, бірі – ұзақ сақтауға арналған тағамдар тобы.

ShowCase бөлігінде 6 контейнер бар. Ол азық-түліктердің қою, сұйықтығына, жұмсақ, қаттылығына  қарай жасалған. Тіпті, жанұядағы жас деңгейі ескеріліп, тоңазытқыш 3 бағанға бөлінген.

Алмалы-салмалы контейнерлерді үстел үстіне қойып, содан тамақтана беруге болады. Тоңазытқыштың есігі  іштегі азық-түліктерді сыртқы жылы температурадан сақтап отыруға арнайы жасалған.

Көлемінің үлкендігі әдеттегі тоңазытқыштардай емес, өйткені барлық жанұяға арнаған. Айтқандай, тоңазытқыш өте сезімтал. Егер ыстық тағамды салсаңыз, бірден сезе қойып, температураны өзі ретке келтіріп отырады. Ал, түнгі уақытта сіздің тыныштығыңызды ойлап, дыбысын тез бәсеңдете қояды. 

 Android бағдарламасына қазақтың «Өсиет-Баталары» жүктелді

Google Play жүйесінде ұялы телефонға арналған «Өсиет-Бата» пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жоба авторының айтуы бойынша, онда жүз шақты өсиет-бата мәтіндері жазылған. Түрлі мерекелерге арналған құттықтау тілектері де бар. Қазірдің өзінде бұл бағдарламаны 5 мыңнан астам адам жүктеп үлгерді. Бағдарлама авторы кәсіби түрде ұялы телефондарға арналған бағдарлама жасаумен айналыспайды екен. Бұл – оның хоббиі.

 Айта кету керек, бұл автордың Google Play жүйесіне алғаш енгізген бағдарламасы емес. Естеріңізде болса, ол «Қазақы ас үй» туындысын да шығарған.         

                   Смартфон арқылы арықтау

 Жапондықтар тағы бір жаңа құрылғы ойлап тапты. Ол не дейсіз бе? Арықтауға арналған дүние. Тек оны смартфонға Bluetooth арқылы жалғау нәтижесінде жүзеге асырасыз. Сіз сағат емес, секунд сайын неше артық салмақ тастағаныңызды оп-оңай біліп отырасыз. Біліп қана қоймай, арықтауға деген ниетіңіз де арта түспек.

 

                                      

 

Компьютеріңізді көзіңізбен басқарыңыз

Тағы да жаңа заман жетістігі дүниеге келді. Енді адамдар көзі арқылы компьютерді басқаратын болады. Мұндай туындыны дат елінің бір компаниясы ойлап тауыпты. Бұл – әлемдегі ең алғашқы көз арқылы планшеттен бастап компьютерге дейінгі техникалардың барлығын басқаратын құрылғы. Eye Tribe Tracker арнайы бірнеше бағдарламалар мен аппараттық бөлімнен және USB 3.0 интерфейсінен құралған. Сіз осы арқылы оны кез келген техикаға жалғай аласыз. «Құрылғының бағасы қалта көтеретіндей», – дейді компания қызметкері Мартин Тол. Ал мұның сыры халықты баурап алу, әрине.

 Робот-айдаһар

Zollner Elektronik AG компаниясы от шашатын робот-айдаһарды ойлап тапты. Неміс елі тапқан бұл роботтың биіктігі 9,1 м құраса, қанатының ұзындығы 12,1 м, ал салмағы 11 тонна. «Tradinno» атты айдаһар өз еркімен қимылдап, қанаттарын қаға алады. Керек десеңіз, оның бойында 21 галлонға толтырылған қан сұйықтығы бар, сол арқылы ол сұйық газ бөліп, жан-жағына от шашады.

Мұнысымен қоймай айдаһар әлемдегі ең үлкен қозғалатын робот деген атпен Гинесстер кітабынан орын алды. Қазір ол «Drachenstich» қойылымына қатысып жүр. 

 

 

NFC-жүзігі 

Джон Маклер Kickstarter жүйесінде NFC-жүзігін жасады. Аталмыш жүзіктің мүмкіндіктері көп, ол есікті оңай ашып, смартфондарды жұмысқа тез қосады. Тек жүзікті солардың бетіне қойсаңыз болғаны.

NFC-жүзігі екі жақты бөлікке ие. Жоғарғы бөлігі жалпы ақпартқа арналса, төменгі бөлігі жеке ақпаратқа арналған. Сіз айтылған бөліктерге өз жеке сайтыңызды, видео бейнеңізді немесе тағы басқадай мағлұматтарды сала аласыз.

Егер осындай жүзікті қаласаңыз, жақында тілегіңіз орындалады. Өйткені, олар бірер уақытта сатылымға енбек. 

 

 

 

Электронды тату     

 Джон Роджерс өзінің кезекті туындысын дүниеге алып келді. Электронды татуировка. Ол суда ерігіш клей арқылы денеге жабыстырылып, түлі штрих-кодтармен электронды татуировканың рөлін атқарады. Бұл туынды дене температурасын көрсетіп қана қоймай, сонысымен қатар өзге термометрлерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек жұмыс атқарады. Тіпті, температураны өзгертіп, адамның ыстық-жылыға деген бейімделгіштігін тексереді. Бұл әрине, өзінің дене температурасын әрдайым бақылау үстінде ұстайтындарға аса тиімдірек. Және де денеңізде өте қызықты көрінеді.

                                                      Гүлжан Серік



Бөлісу: