Сіз "біреуге" қарыздарсыз...

Әлемдегі ең қымбатты сауғаның бәрі ақысысыз. Шынын айтқанда бағасыз асыл деуге әбден болады. Айтшы кім өзінің әр күн сайын жылу алар күн нұрына ақы төлеп көріп еді?!

Ауа да ақысыз. Әлемдегі бар адам тынысын еркін алар осы бір қымбатты сыйлыққа ақы төлеп көрді?!

Туыстық махаббат та солай. Бір сәби өмірге келді. Еш ақы төлеместен ата-ананың мейірлі құшағына бөленді. Қай бір ұрпағынан ақы тілейді.

Достық та солай. Өмірден безінген, көңілден тасынған сәттеріңде қасыңда болған жан досың саған берген кеңесі үшін ақы тілеп көрді ме?!

Сенім, үміт, ой-сана, сені шексіз ләззатқа бөлейтін қиял. Осының бәрі үшін ақы төлеп көрдіңіз бе?!

Бұдан сырт, аспандағы ай, жымыңдаған жұлдыз, көктем мен жаз, қыс пен күз бәрі-бәрі де ең асыл, ең қымбатты сыйлық. Бірақ осы үшін ақы төлеп көрдіңіз бе?!

Ал саған ой-сана беріп, осыншама қымбатты сыйлығын ұсынған бір құдіретке сен мәңгілік қарыздарсың. Оны осы дүниеде-ақ қайтара аласыз. Солай емес пе?...

Алшын МАТАЙ



Бөлісу: