1. Рушылдық менде жоқ, дегенмен де руым - Қожа. Керейт қожа. Өзбек ұлтында да қожалар кездеседі. Мен - қазақпын. Әкем қазақ, анам қазақ. Наным да қазақтан, жерім де қазақтан. Қазақ болғаным үшін Аллаға шүкіршілік етемін.
2. Тіс дәрігеріне барған емеспін.
3. Тәтті торт, кәмпиттер жегенді ұнатпаймын. Яки, тәттілерге жоқпын. Бұл диетаның машақаты емес, бала күннен қалыптасқан жәй.
4. Өлең жазамын, алайда жарияламаймын. Сырымды өлеңде айтып көпке ашқым келмейді.
5. Көп сөйлеймін, бірақ сабырлық басым. Мақтанғаным емес, алайда дінмен келген бұл сабырлық менде бәрінен де басым.
6. Түрік тіліне қатты қызығамын. Бос уақытымда Қазақстан тарихымен қатар Түркия тарихын да оқимын.
7. Президент олимпиадасынан жеңген гранттан бас тартып арман болған журфакка түстім. Бұл әкем мен анамның оқу қымбат болса да білім алсын деген ниеті. Білім ал деп ақыл айтып отыратын ата - анама ризамын әрі алғысым шексіз.
8. Панфилов атындағы саябаққа көп барамын. Сонда отырып кітап оқу қатты ұнайды. Саябақта кітап оқып отырған қыз көрсеңіз ол мен немесе мен сияқты біреу болуы мүмкін =)
9. Ағам жоқ, ағасы бар қыздардың бақытына қызығамын. Ағасы бардың жағасы бар дейді ғой. Аға бақ деп білем.
10. Туылған күнім 4 жылда 1 рет қана келеді. Яғни, 29 ақпан. Бұл жылы 29 ақпан жоқ. Әрине, өкінішті. Дегенмен, жасым менің 5 - те))) Басқа сияқты емес университетте оқитын 5 жасар қызды кім көріпті =))))))))