Сіз білмейтін Араб ғажайыбы
блог
Әр елдің үйлену тойлары өздеріне тән ерекшелікпен, өзгеше рәсіммен өтіп жатады. Ал арабтардың тойы мүлдем басқаша. Бұл ерекшеліктерді Қамшы ақпараттық агенттігі ytrokz-ке сілтеме жасай отырып жинақтап шықты. Арабтың тойына сіз шақырусыз бара алмайсыз. Егер сіз той болатын үйді ұмытып қалсаңыз, кіреберісте тұратын күзетшілер сізді кіргізбей қоюы әбден мүмкін.
Әр елдің үйлену тойлары өздеріне тән ерекшелікпен, өзгеше рәсіммен өтіп жатады. Ал арабтардың тойы мүлдем басқаша. Бұл ерекшеліктерді Қамшы ақпараттық агенттігі ytrokz-ке сілтеме жасай отырып жинақтап шықты. Арабтың тойына сіз шақырусыз бара алмайсыз. Егер сіз той болатын үйді ұмытып қалсаңыз, кіреберісте тұратын күзетшілер сізді кіргізбей қоюы әбден мүмкін.
Катардағы ұлттық той кең сарайда, қымбат мейманханада өтеді. Бұл тек бастамасы. Екі залды жалға алады. Оның бірі әйелдерге, бірі ерлерге арналады. Күйеу жігіт әйелдерге арналған залға тек қалыңдығын алып кету үшін кіреді.
Әйелдер жақта ұялы телефон қолдануға, суретке түсуге тыйым салынған. Ұялы телефондар алдын ала жиналып алынады екен. Той рәсімі әдетте дұғамен сағат 20:00-де басталады. Қонақтар келіп, жайғаса береді, оларға қымбат шоколад беріледі. Ішімдікті мұсылмандар қолданбайындығын ескертудің қажеті жоқ шығар.
Ерлердің бөлмесінде не болып жатқандығын әйелдер өз бөлмелерінде кең экран арқылы көріп отырады. Ал ерлерге әйелдердің бөлмесінде не болып жатырғандығын көре алмайды.
Араб әйелдерінің көбісі өз елдерінде қарапайым, жабық киінеді. Олар «абайя» атты ұлттық киімдерін жиі киеді. Кейбір әйелдер күнделікті никаб киіп жүреді, бұл киімде олардың тек көздері ғана ашық болады
Олар өз тойларында соңғы рет сәнденгендей болып дайындалады. Олардың көйлектері ханшайым секілді жалтырап көздің жауын алады. Шығыс сұлуларын таңқаларлықтай әдемі көйлек кигенін елестетіп көріңізші. Егер араб қыздары жабық киінесе жолда көлік апаты тым жиі болатын еді деп тектен-текке айтпаған шығар.
Арабтардың той көйлегі керемет өнердің нәтижесі секілді. Әдемі, қымбат тастармен безендіріледі. Қалыңдық әрі-бері күлімсіреп жүріп, біраз уақыттан кейін өзіне арналған арнайы орынға отырады. Осы кезде 1 сағаттан кейін күйеу жігіттің жолда келе жатқанын ести сала қыздар жинақталып, өз абайяларын киіп, баяғы қарапайым кездеріне оралады. Сосын күйеу жігіт пен оның жақын туыстары келеді. Ал қалыңдық бұл кезде сөйлемейді. Кей тойларда бұл уақытта торт кесіледі. Бірақ уақыттан кейін туысқандары өз разылықтарын білдіріп, күйеу жігіт қалыңдықты өз бөлмесіне алып кетеді. Бұл бөлме сол мейманханадағы ең әдемі, қымбат бөлме болады. Қонақтар болса сағат таңғы 4-5-терге жуық той тойлап болысымен үйлеріне қайтады