Сіз білмеген ақпараттар.

Әл-Фaраби aтындағы ҚaзҰУ прoфессoры, дoцент Жaнатаев Дaнат Жанaтайұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты Орынбаева Жазира Женисовна

Сіз білесізбе?

Қазіргі кезге дейін біздің айналамызда  әліде болсын толық зерттеліп бітпеген нәрселер бар. Ашылмаған жаңа дүние... Жер ғаламшары көптеген құпияларға толы, соның ішінде мұхит әлемі. Біз мұхиттың бар болғаны 5%  ғана зерттелгенін білеміз, ал қалған бөлігі ше?

40 метр. Бұл аквалангпен су астына жүзуге рұқсат берілген максималды тереңдік.

93 метр. 1915 жылы суға кеткен британдық « Lusitania» кемесі табылған жер. Қызықты жайт: кеменің ұзындығы 240 метр, егер оны тігінен қояр  болсақ, онда кеменің көп бөлігі су бетіне шығып тұрар еді.

332 метр. Ахмед Габр аквалангпен осы тереңдікке дейін сүңгіп, рекорд орнатты.

500 метр. Планетадағы ең үлкен тіршілік иесі көк киттің сүңги алатын максималды тереңдігі. Сонымен қатар ядролық сүңгуір қайықтың түсе алатынын жері.

535 метр. Император пингвині сүңги алатын максималды тереңдігі.

750 метр. Бұл тереңдікте ашуланғанда терісінің түсін қызылға өзгерте алатын, алып сегізаяқты кездестіре аласыз.

828 метр. Осы тереңдікте төңкерілген Бурдж-Халифаның шыңына жете аламыз.

1000 метр. Бұл нүктеге жер бетіндегі жарық жете алмайды, сондықтан осы аймақтан бастап қараңғы. Осы жерде алып кальмардың мекендейтін жері басталады.

1280 метр. Үлкен тасбақа суға бататын тереңдік. Ол су астында 85 минутқа дейін тұра алады.

3800  метр. Осы нүктеде барлығына белгілі «Титаник» кемесі жатыр.

4000  метр. Абиссал аймағы- кеміргіштер,батиптер сияқты сұмдық тіршілік иелері мекендейді.

4267 метр. Бұл бүкіл мұхиттың орташа тереңдігі, демек мұхиттың түбі әлі алыс.

6000 метр.  Жер асты әлемінің патшасы Хадес немесе Аидтың атына қойылған хадаль аймағы. Бұл жердегі қысым басыңызға 50 Boeing 747 жолаушылар ұшағын қойған секілді болады.

6500 метр. Бұл Титаникті ашуға көмектескен DSV Alvin сүңгуір қайығы батқан ең үлкен тереңдік.

6762 метр. Екінші дүниежүзілік соғыста суға кеткен SS Rio Grande  кемесі орналасқан. Ол әлемде ең терең батқан кеме болып саналады.

8848 метр.  Төңкерілген Эверест шыңына шығамыз.

10898 метр. 2012 жылы режиссер Джеймс Кэмерон сүңгіген тереңдік. Дайвинг 3 сағатқа созылды, оның барысында режиссер қоршаған әлемді өзінің ғылыми фильміне қосу үшін 3D форматында түсірді. Кэмерон 11 шақырымдық тереңдікке түскен үшінші адам болды және оны жалғыз өзі жасады.

10916 метр. 1960 жылы Жак Пиккард пен Дон Уолш сүңгіген тереңдік.Олар барынша максималды тереңдікке түсіп, 20 минут тұрды. Айтылған тереңдікке түсу 5  сағатқа созылды.

10994 метр. Біз планетамыздың ең белгілі және зерттелген нүктесі-Челленджер тұңғиығына жетеміз.

Алайда, мұхит тереңдігі Марстың бетіне қарағанда аз зерттелінді. Сол себепті ғалымдардың пікірінше, тұңғиықтан да терең жерлер бар және бұл тереңдікте не жасырылғанын тек табиғат біледі.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/28356/

 



Бөлісу: