Сіз білетін мектептерде де осындай ма?

Сіз білетін мектептерде де осындай ма?
жеке
блог

Сіз білетін мектептерде де осындай ма?

Оқушылар жарнамаланған циркке барса-600 тг, бармаса-300 тг төлеу ақылға сияды ма...

         Алматыдан санаулы қашықтықта Қаскелең деген қала бар. Мен де сонда тұрғалы 2 жылдай боып қалды. Екі бауырым Қаскелеңнің Абай атындағы гимназиясының тәлімгері. Күні кеше үй ішінде айтылып жатқан әңгімені құлағым шалып, біраз ойланып қалдым. Сіңілімнің сынып жетекшісіне  тәрбие ісінің меңгерушісі 600 теңгелік цирктің 16 билет тапсырыпты, «қалай өткізсең де, ақшасын шығарып беруге міндеттісің» деп. Сонымен сыныпта 30-ға тарта оқушы оқыса, соның циркке барамын, көремін дегендері 600 теңгеден, бармаса да, көрмесе де 300 теңгеден ақша өткізу міндетті деп жатыр екен. Сынып жетекшісіне мән жайды білуге қоңырау шалып едік, «ол ақшаны қалтама салмаймын, әкімдіктің талабы солай, барса да бармаса да билеттің ақшасын шығарып, өткізуге міндеттеп қойған» деп азар да безер болды. Енді бұған не дейсіз?!  Арнайы аренада өтетін цирк боп жатса ортанғы сыныптарда оқитын оқушылар да қызығып барар еді, ел кезіп жүрген болар болмас көріністері бар циркке 6-7 сынып оқушыларына дейін жаппай қинап апару, ақшасын алу... Сіңілім көргім келмейді деп жылайды, апайлары бере ғой, әйтпесе ақшамызды ұстайды деп зар қақсап, талап етеді. Меңгеруші апайын, меңгерушіні директор, директорды әкімдік қинап, әлімадеттік жасап ақша табу, пайда келтіру қашанға дейін жалғасады екен? Бұл барып тұрған таптық басыну ғой... Қазақ ата-аналар тыныштық керек, бәрібір сөзбен жеңе алмаймыз деп барын бармайтын цирк, концерттерге шығарып беріп отырса, кімге кінә тағамыз?

         Бұл сорақылықты Алматыға келгенде бірақ білдім. Қарағандыда тұрғанымызда, ол түгілі 1-4 сынып арасындағы оқушылар күнделікті түстік асын тегін ішетін. Ал мына жерде күніне 200 теңге апарып, берген ботқаларын амалсыздан жеп жүреді. Заң бойынша отбасылық жағдайға (көпбалалыларға, ата-анасы толық болмағанда, жағдайы нашар отбасыларына) көмек көрсету мақсатында тағы да тегін тамақ, концелярлық тауарлар тарату болатын, өзім де ондайды көрдім, отбасымда 4 бала, мен де Қарағанды қаласында тұрғанда сондай жеңілдіктерді көргенмін. Ал мында жеңілдігің былай қалсын, жемірлердің жері екен.

         А л сіз сондай, жоғарыдда көрсетілген бір ғана мысалға келісер ме едіңіз? Балаңыз, бауырларыңыз қарап отырып ақша жинайтындардың жемтігі боп отырғанмен қалай күресесіз?