Сіз білесіз бе?

Сіз білесіз бе?
жеке
блог

Бай болу үшін оқылуы тиіс 10 кітап 


Әркім бай, бақуатты болып өмір сүруді қалайды. Ол үшін тек жұмыс істеу жеткіліксіз. Қалай жұмыс істеп, қалай пайданы арттыруды ойлау керек? Ол үшін сізге теория көмекке келеді. Бүгін Орал апай сіздерге мамандар саралаған баю үшін оқитын 10 кітапты ұсынады.

1.Миллионер Next Door

Томасом Дж Стэнли мен Уильям Д. Данко 1996 жылы жазған бұл кітап қазір классикаға айналған. Ол кітапта бақуатты өмір сүру үшін жасалатын 7 қадам айтылған. Аз жұмсап, көп табудың стратегиляқ жолдары қарастырылған.

2.«Бай әке, кедей әке» (Богатый папа, бедный папа)

Роберта Кийосакидің бұл кітабын кез келген жастағы адамдарға арналған, әрі барлық уақытта сұранысқа ие болып келеді. Кітап авторы өзінің өте білімді, бірақ кедей болған әкесінің әдеттерін жазады.

3.Бай адамдар қалай ойлайды?

Бұл кітаптың авторы Стив Сиелбол оны жазбас бұрын 1000 миллионерлер мен миллиардерлерден сұқбат алған. Ол үшін өзінің 30 жылын құрбан етіп, олардың ұарапайым адамдардан өзгешелігін анықтауға тырысады.

4.Дұрыс ойлау және бай болу

1937 жылы америкалық жазушы, журналист, психолог Наполеон Хилл жазған. Деректі прозада қалталы болу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.

5.Қалай бай адам болуға болады? (Ты это деньги: как стать богатым человеком)

Орта деңгейде өмір сүріп жүрген адамдарға арналған кітапты Фарух Тораби жазған. Тұрмыста ақшаны қалай үнемдеуге болады деген сұраққа жауап береді. Бұл кітап сізге басқа әлемді таныстырады.

6.Вавилондағы ең бай адам

Сіздің бақуатты өмір сүруіңіз үшін білу керек құпиялар мен міндеттер айтылған. Авторы Джордж С. Клейсон бұл кітапта каржылық келеңсіздіктерді жоюдың тәсілдерін ұсынады.

7.Баю ғылымы

Уоллес Ватл баю үшін позитивті ойлау мен интеллектуалды негіздердің мағыздылыңын көрсетеді. Кітапты ойдың байлыққа апару жолдары сараланады. Мысалы сіз ақша қолдың кірі деп есептесеңіз, ешқашан бай болмауыңыз мүмкін.

8.Автоматты миллионер

Бұл кітап баю болу үшін қаржыны үнемдеу емес, сауатты жоспар құру керек түсіндіреді. Оқыған сәттен бастап сол жолға түсу үшін өмірлік принциптерді қалыптастырып береді.

9.Өмір сабақтары

Бұл кітапты тәжірибелі маман, миллиардер Ричард Брэнсон жазған. Өзінің қалай бақуатты адам болғанын, қандай сатылардан өткенін айтады.

10.Миллионер «Fast Lane»

Аталмыш кітап өзіңіз нақты не істей алатыныңызды және не істей алмайтындығыңызды анықтап алуды ұсынады.