Сіз біле бермейтін «SILICA» -ның 10 түрлі пайдасы

Сіз біле бермейтін

«SILICA» -ның 10 түрлі пайдасы

Кез келген жаңа бұйым не киім сынды дүниелер алған кезде, сіз «SILICA» дейтін жазуы бар кіп-кішкене қалташа көресіз, ішінде ұсақ-ұсақ ұнтақ тас сынды химиялық заттары бар. Бұл «Силикагель».

Алған заттан жағымсыздау бір химиялық иісті шығарып тұратын бұл затты біз алған күні-ақ лақтырып жібереміз. Зиян деп. Осы бір кішкене ғана заттың көптеген нәрсеге пайдасы бар екенін білдіңіз бе?! Ендеше, көз жүгіртіп көріңіз.

1.     Телефоныңызға көмек

Силикагель, суға түсіп кеткен ұялы телефоныңыздың суын бір түннің ішінде сорып алады. Ол үшін, ұялы телефоныңызды өзіңіз білетін әдіспен шашып тастап, ( сим-карта, қуатын көзін) телефонды силикагельге қойып қойсаңыз жетеді.

 

2.     Дымқыл иіс тартқан киімдерге

Чемоданда ұзақ жатып дымқыл тартып, иістене бастаған болса силикагельдің бірнеше қалташасын біраз уақытқа чемоданға киімдермен бірге салып қойыңыз. Бәрі ойдағыдай болады.

 

3.     Жағымсыз иіске

Денеңізді қыздырып келген кезде терге малынған киіміңізді сөмкеге сала салатыныңыз анық. Кейін сөмкеден кетпейтін жағымсыз иіс пайда болады. Сөмкеңізден иіс шықпасын десеңіз пайдаланып көріңіз.

 

4.     Буланып қалған фотоапарат линзасына

Егерде, фотоаппаратыңыз суықтан әлде линзасын буландыруға дейін апаратын жағдайға түскен кезде сізге тағы да силикагель қалтасшасы керек болады. Дәл телефондағы жағдайды қайталап жасауға болады немесе ұдайы осы бір затты фотоаппараттың қалташасына салып жүру керек.

 

5.     Суретті қатырмаларыңызды сақтау үшін

Үйіңізде бояуы қанық қатты қағазға немесе сусылдап тұратын материалға жазылған жазу сурет болса оны қыс кезінде, жалпы дымқыл жағдайда абайлап ұстау керек. Бүлініп қалуы әбден мүмкін. Ал силикагель қалташасын осы жұмыстарыңызбен бірге қойсаңыз,  бүлінудің алдын алады.

 

6.     Гүлдердің қурауына

Табиғи тұрғыда гүлдердің қурап қалатыны белгілі.Дегенмен, бір-екілі силикагель қалташасын гүл қорабына, қағазына салып қойсаңыз мұның да пайдасы ол.

 

7.     Суреттерді сақтау

Өткен күннен қалған естелік суреттеріңіз ұзағынан сақталып тұрсын десеңіз, тағыда силикагель қалташасын суреттермен бірге қорапқа салып қойыңыз.

 

8.     Күміске кір тұрамсын десеңіз

Асханада таза күмістен жасалған қасықтардың бойы ластанып қалмасын десеңіз, басқа металдармен түс ауыспасын десеңіз тағы да осы қалташаны пайдаланып көріңіз.

 

9.     Ерлерге де көмегі бар

Сатып алған сақал қырғышыңыздың  (бритва) пышағы (лезві) тозып, уақытынан бұрын істен шығып жатса тағы да өкінішті. Бірақ, саспаңыз, силикагель қалташасын пышақпен бірге қойып қойсаңыз, сақалыңызды бір пышақпен ұзақ алатын боласыз.

 

10.                 Машинаңызға да

Машинаңның құралдар панелінде селикат қаншалықты көп болса, машина терезесінің булануы соншалықты бәсең  болады.

 

Ал пайдаланып көріңіз!!!



Бөлісу: