Сіз Counter-Strike ойынын ойнауға қалай қарайсыз?

Сіз Counter-Strike ойынын ойнауға қалай қарайсыз?
жеке
блог

Counter-Strike (ағылшынша: counter-strike — айқаспалы атыс) — бірінші жақ шутер жанрында компьютерлік ойын. 1999 жылы Half Life ойынның модификациясы болып пайда болды.

Counter-Strike — бірнеше пайдаланушылармен немесе боттармен (компьютерлік бағдарлама) бірден ойнай алатын компьютерлік ойын. Ойында екі жақ бар: террористтер (terrorists) және контртеррористтер (counter-terrorists). Ойынның мақсаты — тапсырманы орындау немесе тірі қалып қарсы жақты құрту. Ойын раундтарға бөлінеді. Әр раундтың басында ойыншы өз базасында пайда болып өзіне қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алады. Әр ойыншының өз ақшасы бар. Ол ақшаны тапсырмаларын орындап, қарсы жақтың ойыншыларын "өлтіріп" табады. Қарсы жақтардың қару-жарақ сатып алуға таңдау жинақтығы бөлек, бірақ қару-жарақтардың көбісі бірдей. Мысалы, террористтерге M4A1 және BULLPOP, ал контртеррористтерге CV-47 (АК-47) және KRIEG 552 деген мылтықтарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Оларды жымқыруға ғана болады.

Бұл ойынды интернет арқылыда ойнауға болады.Бұл ойынды қазіргі кезде интернетпен ойнаушылар саны арытуда.

Менің бұл тақырыпты алған себебім Counter-Strike ойынын өзім ойнаймын) .Ал сіз қыз баланың ол ойынды ойнауына қалай қарайсыз? )))