Көзімнен нұр төгілді көріп сізді,
Сол сәтте ұмытты жүрегім күзді.
Еріксіз төгіліп көмейден күйлерім,
Қара түннің қабырғасын жырым үзді.
Жапырақ жүрекпен жанымды ұғарсыз,
Мендегі сезімді әлі де сынарсыз.
Үмітке байлап - ап үкіден тұмарды,
Қашықта жүруге амалсыз шыдарсыз.
Мұңлы жаңбыр тереземді қағады,
Жүрегім себепсіз тек сізді қалады.
Көзімде, жүректе бейнеңіз бар-ды,
Оны да салған СЕЗІМНІҢ ҚАЛАМЫ...