Сыйынар ем "АНА" деген Тәңірге...
блог
Анашым... Менің асыл анам. Сізге деген шексіз махаббатым мен сезімімді, кіршіксіз, пәк көңілімді мың түрлі әдемі сөзбен әсерлеп жазсам да шын махаббатымды дәлелдей алмаспын, мүмкін. Сіздің алдыңызға мың түрлі жетістікпен, жүлделермен оралсам да қарызымды өтей алмаспын, білем. Бірақ, анашым өзіңізден басқа адамдардың мен үшін шын қуанып, шын қайғырғанын ешқашан көрген емеспін... Мама, айтыңызшы неге мына жалған өмірде адамдар сонша қатігез?Неге?Мен үшін сізден басқа сенетін адам қалмағандай күн кешіп жүрмін. Қатты көңілім қалды, достан да, бет – жүзіңе қарап мейірімді күлген жандардан да...Білмеймін, бірақ жымиып тұрып орта жолда күлкі етіп кететін жүрексіз жандардың көптігіне мен күн санап сеніп келе жатқандаймын. Ол менің адамдарға тым қатты сенім артып, бауыр басып қалатын әдетімнің салдарынан шығар. Кім білсін?
Анам менің...Ең мейірімді жалғыз жаным, қамқоршым. Сізге ғана табынып, сізге ғана сенім арту керектігін шын түсіндім. Мына, өмір деген қайғысы мен қуанышы бірге жүретін кеменің, аяғы талмас жолаушысы болуды үйрететін тек сіз ғана. Сізге ғана сенемін, сіздің ғана шынайы махаббатыңызға бөленіп, мәңгі ерке сәбиіңіз болып қала берейінші... Есейгім келмейді. Қорқамын мына өмірден...