СЫЙЛЫҚ! Эстафета
блог
Русланның ляхтырған эстафетасын қағып алдым. Көп рахмет!)) Сыйлық алғанды керемет жақсы көрмеймін өзім. Бағалы, қымбат сыйлық жасағанда өзімді ыңғайсыз сезінемін. Ал өзім сыйлық жасағанды қатты жақсы көремін.
Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?
Бейтаныс адамның сыйлығынан, қандай болмасын. Басқа сыйлықтардан бас тартпаймын.
Сізге ұнайтын кәдесыйлар
Көбінесе қолдан жасалынған бұйымдар ұнайды. Ағаштан жасалған фоторамка, домбыра, сандықшалар. Бірақ қазір ондай бұйымдарды әркім жасай алмайды.
Өміріңізде есте қалған сый
Ағам екеуіміз бастауыш сыныпта оқып жүргенде "Әнші балапанға" қатысып, 2-ші орынға ие болғанбыз. Сол жеңісімізге арнап анам маған үлкен Микки Маус ойыншығын сыйлаған. Әлі күнге дейін бөлмемнің төрінде отырады. Өзін қатты жақсы көремін.
Сізді жалықтырған кәдесыйлар
Мен жалығып кететіндей сыйлықтар жиі алмаймын)) Бетке жағатын кремдерден жалықтым бірақ.
Естелік болып қалған, өзіме қатты ұнаған сыйлықтардың тізімін жазып өтейін.
Күміс әшекейлерді қатты жақсы көремін. Әпкемнің сыйлаған күміс сырғасын әлі тағып жүрмін
Ағамның тосын-сыйлары ұнайды өзіме. Менің талғамымды біле бермейді өзі)) Бірақ өзіме ұнайтындай сыйлықтар жасайды. 8-ші наурызға Nina Richi әтірін
ал Жаңа жылға ұялы телефон сыйлады.
Анамның құрбысы Мәскеуден Домовой әкеп берген.
Тағы бір әпкем гранат тасы бар күміс жүзік сыйлаған болатын, бірақ өкінішке қарай жоғалтып алдым(((
Бір-бірлеріңізге сыйлық беріңіздер! Сыйлықтар сүйіспеншілікті арттырып, жүректен қатыгездікті алыстатады!
Эстафета таяқшасын Арнаулы мен Мерейкаға беремін!