Өзім сыйлық сыйлағанда қатты ұнатам, сыйлық іздеуге қойып қойса негізі мені :). Бірақ, басқа да адамдардан ақыл сұрап тұрған ұнайды. Себебі, ол адамды онша білмеуім мүмкін не кейде ойлаймын арта қалған заманның сыйлықтарын алып беріп қойып ұят болып қалмасын деп. Туысқандарым, таныстарым болса көбіне қалап жүрген заттарын сыйлауға тырысамын. Туысқандарымнан "нагло" сұрап алам, не ұнайды, не қалайсың деп :)).
1) Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз? Адамның көңілін табу қиын ғой. Берген сыйлығым адамға ұнамаса болды сол сыйлықты жек көріп кетем, сол кеш бойы неге оны алып ем деген сияқты сұрақтар жеп қояды мені.
2) Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?
Өзіме сөз айтып, мен оны қаламаған адамым болса ешқашан оның сыйлығын алмаймын, өтірік үміт сыйлағым келмейді. А так, шын көңілмен сыйлаған сыйлықтардың бәрін ұнатам.
3) Сізге ұнайтын кәдесыйлар? Жұмсақ аюлар, олар менің үшінші или төртінші махаббатым ғой :)
4) Өміріңіздегі есте қалған сый? Дельфинчиктер, бір жігіт сыйлаған. Әлі бар, ауылдағы үйде тұр. Просто, есте қалған қызықты естелік еді. Папам жазған өлең жолдары, кітаптары, ауылда қалды. Мамам сыйлаған әр бір мейірімі, ол енді жүрегімде. Әкем сыйлаған маған деген шексіз махаббаты, жүрегімде күнде сәуле шашып тұр :). Басқада толып жатқан сыйлықтарым көп екен, просто оның бәрін бөліп жазуға уақыт жоқ :)
Айтпақшы, 10- класта бір кластасым маған ғана класта пластамасса гүл берген, мен соған сондай қуанғам себебі біз кластың жігіттеріне ренжіп қалғанбыз, әйтеуір бітпейтін сылтауларымызбен өзімізше болғанбыз ғой қыздар бәріміз. Ал ол, үндемей маған гүл беріп тұр ғой :) Қызық, ойласам күлкім келеді. Талай өлең шығарып еді сол бала, бәрін өртеп тастағам қазір өкініп отырмын.
5) Сізді жалықтырған кәдесыйлар? Мені ешқандай кәдесый жалықтырмайды :) Бәрін жақсы қабылдап ала берем. Адамдар тек шын көңілмен сыйласа екен деп ойлаймын. Адамдарға сыйлық маңызды емес қой, маңыздысы риясыз көңіл, сенің қасыңда сені ойлап жүретін адамның барлығы.
Эстафетаны Маралға бергім келеді. Қыпшақ қыз, көп рахмет!
суреттер