Сыйға сый (эстафета)

Сыйға сый (эстафета)
жеке
блог

Негізі жалақы алғанда, немесе көп қаржы қолыма түскенде дүкен аралаймын. Керек-жарақ алып жүріп, арасында ұнаған кәдесый аламын. Кез-келген уақытта, уйбуй беретін дымым жоқ деп отырмау үшін, дайын болуға тырысамын.


1) Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

Үйдегі жатқан тұрған, той-томалақтан келген орамал, мата, бықыбай-шықыбайларды беруді де алуды да ұнатпаймын. Енді кейде үлкен әжелер ырымдап беріп жатса риза болып аламын, ал былайынша құп көрмеймін.

2) Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Кез-келген сыйлықты ала беремін. Болмашы қағаз, бір парақ күнтізбе болса да ) Бұрыыын, баяғыда бір жігіт келуші еді күніге кешке, қолына сникесін алып. Сникерс жеп өссем де, соны көргенде төбе шашым тік тұрып, сникерсін алмай қор қылатынмын. Әпкем, өзің жемесең, бізге әкеліп бер дейтін.

3) Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

Қымбат, бағалы кәдесыйды қатты ұнатамын, екінің-бірінің қолына түсе бермейтін санаулы заттың бір экземпляры болса қатып кетеді. Ақшалай болса тіптен қатып кетеді.

4) Өміріңіздегі есте қалған сый?

Ешкімге тәуелді болмай үйренген соң ба, барлық затты өзім таңдап сатып алады екенмін. Дегенмен, ең есте қалатыны әпкем әлі күнге әдемі көйлектер сатып әпереді. Ааа, сосын сүйіктімнен алған құшақ-құшақ раушан гүлі.

5) Сізді жалықтырған кәдесыйлар?

  Сыйдан жалықпаймын )

 

Эстафета жалғасын Айнара, қабыл ал! ))