Сырт келбет VS Қазақша контент (91-ninety one)

Сырт келбет VS Қазақша контент (91-ninety one)
жеке
блог

 

Zaq: «Жоқ шекаралар, ол сенің миыңдағы мекендерде бар тек».
Елімізде осы күнге дейін көптің көзіне «қызтекелер» саналып келе жатқан Ninety one тобының қазақ тілі үшін жасап жатқан істері ескерілмей, басты назар да, қозғалатын мәселе де тек қазіргі стильдеріне келіп тіреледі. Оның ішіне шаш үлгісі, шаш түсі , киген киім, татуаж және аксессуарлар (сырға) кіреді . Сырға тағып, шаш бояу біздің менталитет пен дінімізге қарама-қайшы болуы мүмкін, дегенмен, өнерді өнер тұрғысынан бағалай білген жөн. Қазақ тілі үшін жасалынып жатқан еңбектің қасында сырт келбеттің басты назарға кетіп қалатыны қызық. Омар Хаямның бір сөзі бар "бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емес". 91 тобына жастар ғана емес, белгілі айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның өзі қолдау көрсетіп, қазақ тілін үшін жасап жатқан әрекеттерін сөзіне тиек етті. Журналистер, қазақ тілі үшін алаңдайтын тележүргізушілер, Роза Рымбаева, Дос-Мұқасан тобы ашық қолдау білдірді. Кезінде Асанәлі Әшімов, Дос-Мұқасан тобындағы аталарымыздың өзі шаш бояп, сырға таққан. Істері түзу, бірақ халықтың оларды қабылдауы қиын. Оңтүстік Кореялық шоу-бағдарламаға қатысып, көптің ықыласына бөленіп, вокаллық жағынан мойындалған бұл топтың елімізде қолдау табуы күрделірек. «Мағынасыз, мәнсіз мәтіндерді әнге арқау етеді» дейтін жұрттың басым бөлігі, шындығына келгенде 91-тобының бір әндік мәтінін алып, оқып, зерттемеген. Өз кезегінде саясат, экология, этика тұрғысынан әңгіме қозғайтын бірнеше қазақша үнжинақтар жарық көрген. Мысал ретінде бірнеше ән мен бейнеклиптерге қысқаша тоқтала кетуге болады.
Bata- 1 апта ішінде 1 млн қаралым жинады. Қазір 50-60 жастағы ағаларымыз бата беруден қалған. Ал, ән мәтінінде Zaq қазақша бптаны рэпке қосады. Нәтижесінде, жастар арасында бата айтудан чэллендж, трендтер басталыр кетті. "Bari biled"-антропогендік іс-әрекеттің ғаламға зиянын ашып көрсетеді. Бәрі махаббат жайында ән шырқайды,дегенмен, адамдар табиғатқа, қоғамға,өзіне, айналаға деген махаббатты ұмытқан. "Қарашы, әне табиғат жылауда,күнде ағаштары кесіліп құлауда,Аспан толған тұмша шаң,күн көзін жұмғанда көрінбейді шамдарТыңдалып, әне табиғат жылауда,Ол бізге ана, сондықтан да сұрауы бар,Жер, су, от, жел,Бір-біріне тең сондай мінсіз ең. Өзгеруді мүлдем қажет етпейді,Керісінше, бізге өзгеру керек деп білемінЕшқашан да кеш немесе ерте,Жүрегі барларды өзіммен бірге ертемін,Жалғыздың дауысы алысқа естілмейдіДегенмен де, мен оған келіспеймінЕнді ойлашы, біз бір болсақ не болады?Түсіндің ба, жетсең әкел бесті бер!" "Taboo"-Ирина Кайратовна тобымен фит түрінде жазылған саясат, шенеунік, сонымен қатар шоу-бизнеске негізделген тақырып. "Әндетемін сен үшін де, мен үшін де ертең болсын деп. Қара күндер артта, шекара жоқ алда ". "Why'm","Lie", " Shyda"-мотивация. "Бұл әлем аяуды ұмытқан,Берілме дым жалғыз қалсаң да (Сен қалсаң да)Шыңға шарықтайтын жолдарды іздесең,
Онда қиын кезеңге бол дайын!Ұйқың қанбайд, ол да түк емес, әлі де үлгересің, кейін". «Darn»-бейнеклиптен өте ерте кезеңдегі жазуларды аңғаруға болады." Жұрт сенің бос десе жартылай кесең, толы деп сен, Жүрсең күмән сеуіп, жүрегің - серік, көмектесед". Одан бөлек Ninety one тобының рэпері Zaq-тың жеке туындыларын ескерген жөн. Мәтіннің әр сөйлеміндегі сөздерге аса мән беретін Дулат (Zaq) қазақы сөздерді мәтел іспетті жүйеге келтіріп, астарлы-логикалы негізде жазып, ұсынады. Аса терең ойды қамтитын мәтіндердің иесі-Дулат Мұхаммедқалиев 2018 жылы «Жас Отан» партиясында депутаттыққа сайланған еді. Негізгі мақсаты, жастар үнін өзі арқылы жеткізу және қазақ тілінің аудиториясын кеңейту еді.
Жалпы, Ninety one тобының бейнеклип, ән, стильдеріне қызыққан шетелдіктер көп. Ең кереметі, олар осы топтың әндері арқылы қазақ тіліне қызығушылықпен қарай бастаған. Тіпті, үйреніп, қазіргі таңда Cover жазатындары қаншама.
Олардың қазіргі мақсаты, қазақ тілі мен мәдениетін барынша дәріптеу және тарату. 91 тобы мен Димаш Құдайбергеннің ән саласындағы елеулі қызметі-қазақ тіліндегі контентте. Себебі, қазақ тіліне деген қызығушылық бөлек, ал оны үйрену, шын мәнінде қуантарлық жағдай. Жазатын және қалып қойған мәлімет өте көп, бұл тек құлақхабардар ретіндегі мағлұмат.«Құлақтарыңызға алтын сырға».
Zamandastar бағдарламасын Youtube арнасынан көруге кеңес беремін. 91 тобы қонаққа келіп, үлкен мәселе көтеріп кетті. Тіпті, үлкен апалар мен нағыз хейтерлердің көзқарасы шамалы болса да өзгерген екен.