Сырлар
блог
Ақмолла Мұхамедиярұлы
(1831-1895 )
Бәлки, біраз жақсырақ болар едің,
Сен көрсең өз-өзіңді иттен жаман.
***
Қайғылы пендесіне Құдай жақын,
Жылатар пендесінің асыл затын.
Әркімді артық сүйсе – артық қинар,
Достының есітейін деп мінәжатын.
***
Сөз қозғар ол асыл ер керек жерден,
Құдайым парасатты жүрек берген.
Мүһәндистер сезбеген жерден қазып,
Шығарды тәтті сулар терең жерден.
Бұлағы саф – шайға әркім су алғандай,
Хақылыққа шөлдегендер қуанғандай.
Дәрісінен қанша бала сүтке тойған,
Басқалар бола қалды суалғандай.
Тақиқларын көрген адам қуанғандай,
Ғалымға сардар болып ту алғандай.
Мүбәріз майданына бұл шыққан соң,
Батырлар бола қалды жоғалғандай.
Мүһәндистер – жер қойнауын барлаушы маман.
Тақиқлар – ақиқатты ашушылар.