Сырға толы табиғат! (байқауға)

Сырға толы табиғат! (байқауға)
жеке
блог

Мінеки, әне-міне дегенше бірінші мақсат туралы айтатын уақытта келіп жетті. Расында осы мақсатымды орындау үшін Алматыдағы Түрген тауына бардым. Әрине бірінші әсем табиғатын көріп, мауқымды баса алмай жүрдім. Табиғат адам сияқты, тек сөйлей алмайды. Осы ажары көзді тартатын табиғат арасында жүре келе талай нәрсені ойлап, ойымды жинақтадым, тұла бойымды ойға салған сан сауалдың шешімін тауып сабырға келдім. Жалпы сезімімнің бәрін айтсам ағын судай тоқтамас. Табиғат біздің анамыз!

 Мен сонымен қоса адамға тигізер пайдасы туралы айтқым келген болатын. Олай болса ол жердің таза ауасы туралы айтайын:

1. Ол жерде көлік жоқ,желі ұстамайды тек қана жайқалған жасыл бақ, әрбір өсімдік таза ауаны шығарады. Яғни тұла бойымыз тазарып, жанымыз рахатқа бөленеді.

 2. Менің ең қатты таңқалғаным судың құдіреті. Сұлу бейнесі көздің жауын алады, ал сыңғыр дауысы құлақтың құрышын қандырады. Ал ең бастысы, суды ұстасаң қолың сондай нәзік болады. Яғни денсаулыққа орасан зор пайдасын тигізеді.

 3. Ағаш тамырларын көргенде тап бір ертегі әлемінде жүргендей сезімде болдым. Көңілің түсіп ,жабырқап кеткенде осы бейнені көрсең жан дүниең ғажап сезімге бөленеді.

 Иә, барлық пайдасын айтпасамда бастыларын айттым деп ойлаймын. Тағы да қайталап айтқым келеді, "Табиғат біздің анамыз "ойланып қараңыздаршы табиғат оттек пен судан басқа, тамақтыда күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген затты, жиһазды тіпті қағазға дейін береді, бізді өз аялы алақанында ұстайды. Ал біз болсақ жерге қоқыс тастаймыз, кей мәдениетсіз адамдар шемішкенің қабығын тастайды, түкіреді ойына келгенді істеп ластайды. Біз қолда барда алтынның қадірін түсінбейміз! Сондықтан сіз біз десіп осы жайтты ескере жүрейік! Мен өз мақсатымды осылай қорытындылаймын !