Сыр өңіріндегі –қаламгерлер сырласуы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде  журналистика мамандығы бойынша ІХ шы    республикалық пән олимпиядасы 20-шы  сәуір күні  бастау алды.

80 жыл тарихы бар киелі орданың оқ бойы озық тұратын журналисттерді дайындап жатқанына биыл 20 жыл . Сайыс та дәл осы мерекеге тұспа тұс келіп отыр. Пәндік олимпияданың басты мақсаты жас журналисттердің шеберлігін арттырып қаламын ұштауға септігін тигізу.  Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған 13 оқу орнының студенттері бәйгеге бас тікті. Солардың бірегейі Алматы қаласынан Әль- фараби атындағы Қаз ҰУ, ХАТУ,Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ, І. Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университеті. Астана қаласынан Л.Гумилев атындағы ЕҰУ., С.Торайғыров атындағы Павладар мемлекеттік университеті т.б еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО бой көрсетті.

Екі күнге созылатын бұл сайыстың бірінші күні   университеттегі   елбасы және тәуелсіз Қазақстан оқу көрме залымен археологиялық ғылыми зерттеу орталығы,  мұнай және мұнай өнімдерін талдау зертханасын таныстырумен  басталды.  

Сонымен қатар әр өңірден келген қатысушыларда өздерін таныстырып, түрлі өзекті тақырыптарда эссе жазды. Бұл олимпияданың басты құндылығы достық деген сөзді желеу етіп тұрғандай көрінді. Алдымен университет студенттерінің жыр мүшайрасын тамашалап кейіннен қаланың тынысымен танысуға шықты. Студенттер тек қаламен ғана танысып қоймай әр өңірден жаңа дос тапты.

 

 

 



Бөлісу: